Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет443/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Аппендициттің жедел және созылмалы ағымды 
клиника-анатомиялық нысандары бар. Олардың әрқайсысының өзіндік 
морфологиялық бейнесі болады. 
Жедел аппендицит
. Жедел ағымды аппендициттің морфологиялық 
нысандары мынадай: 1) жай; 2) беткейлік; 3

деструкциялы (флегмоналы, 
апостемалы, флегмоналы-ойық жаралы, гангреналы). Жедел аппендицит 
деструкциямен және некрозбен аяқталса, оның бұл аталған морфологиялық 
нысандарын өскінде өрістеген қабыну үдерісінің даму кезеңдері деп те қарауға 
болады. Жедел аппендициттің даму мерзімі, әдетте 2—4 тәулік. 


Нуржігіт Алтынбеков 
363
Жедел жай аппендицитке
тән өзгерістер ауру басталғаннан кейінгі алғашқы 
сағаттарда-ақ дамып үлгереді. Өскіннің капиллярлары мен венулаларында қан 
мен лимфа ағысы тоқтап (стаз), тіні су сіңіп ісінеді, қанды ошақтар пайда 
болып, сидерофагтар шоғырланады, лейкоциттер қан ағысының жиегіне 
ығысып, қан тамырларының сыртына шығады. Көбіне үдеріс аппендикстің 
ұшынан басталады. Өскінде қан мен лимфаайналымы бұзылып қана қоймайды, 
қабырғасындағы жүйкелік құрылымдарды дистрофия шарпиды. 
Бірнеше сағаттан кейін дисциркуляциялық өзгерістердің желеуімен 
аппендикстің ұшындағы кілегейлі қабықшада 
алғашқы аффект 
деп аталатын 
іріңді ошақ қалыптасады. Оның кескіні конус тәрізді. Конустың өскіннің ішіне 
қараған ұшындағы эпителий ақаулы болады. Өскін ісініп, жуандайды, сірі 
қабықшасы қан толып, көмескі тартады. Мұндай морфологиялық бейне 
жедел 
беткейлік аппендицитке
тән. Жай және беткейлік аппендицит, әдетте 
қайтымды; егер ол өрши түссе, 
жедел деструкциялы аппендицитке
ұласады. 
Алғашқы тәуліктің соңғы сағаттарында өскіннің барлық қабатын лейкоциттер 
жайлап, 
флегмоналы аппендицит
орын алады (210-сурет). Ұлғайып, жуандаған 
өскіннің көмескі тартқан, толыққанды сірі қабықшасының үстінде фибринді 
қабыршық пайда болады (түрлі түсті қосымша беттегі 211-суретті қара); 
қабырғасы қалыңдап, саңылауына ірің жиналады. Шажырқайы су сіңіп ісініп, 
толыққанды келеді. Егер біркелкі іріңдеген өскінде көптеген іріңдіктер пайда 
болса, ондай аппендицит — 
апостемалы аппендицит
деп, іріңдеген кілегейлі 
қабықшасы ақаулы аппендицит — 
флегмоналы-ойық жаралы аппендицит
деп 
аталады. Ал іріңді-деструкциялы үдеріс өскіннің төңірегіне жайылып 
(
периаппендицит
; түрлі түсті қосымша беттегі 211-суретті қара)), шажырқайы 
қабынса (
мезентериолит)
және артерияларында тромбылар түзілсе, 
салдарлық 
гангреналы аппендицит
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет