Созылмалы аппендицит . Созылмалы аппендицит жедел аппендициттен
туындап, склероз бен атрофия, қабыну мен деструкциялы үдерістер қосарланып
дамиды. Өскіннің қабынып, деструкцияға ұшыраған жерлері мен саңылауын
грануляциялық тін жайлайды. Ол тін жетіліп, тыртыққа айналады. Ақырында
өскіннің бүкіл қабаты шорланып, семеді, саңылауы бітеледі (
облитерация ),
төңірегінде
бірікпелер пайда болады. Сонымен қоса грануляциялы және жедел
ойық жаралар қалыптасып, гистиоциттер мен лимфоциттер, лейкоциттер
шоғырланады.
Өскіннің сағағы тыртық басып бітелсе, саңылауына ұйымалы сұйықтық
жиналып, кеңіп, кистаға айналады; ол
өскін шемені деп аталады. Ішіне жалқаяқ
жиналып, саңылауы кеңіген өскін
мукоцеле деп аталады. Кейде өскін
қабырғасының толқынды жиырылуының әсерінен жалқаяқ жұмырланып, ұсақ
шарларға (жалқаяқты түйіршікке — миксоглобулаға) айналады, бұл —
миксоглобулез . Енді бірде, киста жарылып, жалқаяқ түзетін жасушалар
жайылып, іш пердесіне бекиді (имплантация), іш қуысы миксома ісігі өскендей
болып зақымдалады. Бұл үдеріс іш пердесінің жалған миксомасы
(
псевдомиксома ) деп аталады.
Бұл аурудың
жалған аппендицит деп аталатын нысаны да бар. Оның
клиникалық бейнесі қабыну үдерісіне емес,
дискенезияға негізделеді. Өскіннің
бұлшықетті қабаты тым жиырылып, гиперкинез дамиды, фолликулдары
ұлғайып, саңылауы күрт тарылады. Іргесі босаңсып, атония дамыса, өскіннің
ішіне нәжіс жиналып (
копростаз ), саңылауы кеңиді, кілегейлі қабықшасы
семіп, іргесі жұқарады.
ІШЕКТІҢ ІСІКТЕРІ Ішек ісіктерінің ең маңызды түрлері эпителийден дамып, қатерсіз және
қатерлі болады.
Қатерсіз эпителийлік ісіктердің ең жиі нысаны —
аденома (
аденомалы полип ). Ол көбіне көтен ішекте дамып, ал қима ішекте, тоқ ішектің көлденең
бөлімінде, бүйен мен аш ішекте сиректеу кездеседі. Ішектегі аденомалар түтікті
(
тубулалы ), түтікті-түкті (
тубула-түкті ) және
түкті болады. Түкті аденома
безді бүртіктерден құрылады, тіні қызғылттау, үсті ұсақ түкті келеді (
түкті ісік ). Ол кейде қатерлі ісікке айналады. Аденомалы полиптер көп болса,
ішек полипозы деп аталады; кейбір отбасында жиі кездеседі.
Карцинома аш ішекте де, тоқ ішекте де дами береді.
Аш ішекте карцинома сирек кездеседі, көбіне
ұлтабардың үлкен (Фатер) үрпісі зақымдалады. Ісік ірі