Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет446/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
365
болмағанмен, өт жолдары жылдам бітеліп, қабынып, бауырастылық сарғаю 
орын алады. 
Тоқ ішекте карцонома
қазіргі кезде жиірек байқалатын болып, одан өлім-
жітім де көбеюде. Карцинома 
көтен ішекте
жиірек, ал қима ішекте, бүйенде, 
тоқ ішектің бауырмен және талақпен тұстас иілімдерінде сиректеу байқалады. 
Көтен ішек карциномасы
көбіне созылмалы ойық жаралы колиттен, көтен 
ішектегі полиптерден, түкті ісік пен созылмалы жыланкөзден (ракалдылық 
аурулар) өрістейді. 
Өсу сипатына
қарай, ішектің карциномалары экзофитті, эндофитті және 
өтпелі нысандарға жіктеледі. 
Экзофитті карциномалар
түйнек тәрізді, бүртікті, ірі бұдырлы түрлерге 
бөлінсе, эндофитті — ойық жаралы, диффузды-инфильтрациялы болып, көбіне 
ішектің саңылауын тарылтады(212-сурет), ал өтпелі карцинома табақша тәрізді 
ісік құрайды.
212-сурет. Көтен ішектің диффузды-инфильтрациялы карциномасы. 
Ішекте карциноманың: 
аденокарцинома, муцинді аденокарцинома
және 
жүзікжасушалы, жалпақжасушалы, безді-жайпақжасушалы, толыспаған
және 
жіктелмейтін 
гистологиялық типтері
өнеді. 
Экзофитті карциноманың
көбі аденокарциномадан құрылса, 
эндофитті 
карциномалар 
жүзікжасушалы немесе толыспаған карциномадан түзіледі. 
Айналшық саңылауының
карциномасы дербес топқа бөлінеді; оның жайпақжасушалы, 
клоакагендік, мукоэпидермалық және аденокарциномалы типтері бар. 
Көтен ішек карциномасы 
метастаздарын
сол аймақтың лимфалық түйіндері 
мен бауырға жаяды. 
ПЕРИТОНИТ 
Перитонит 
— іш пердесінің қабынуы; асқазан мен ұлтабардағы ойық 
жаралар тесілгенде, бейспецификалық ойық жаралы колит пен дизентерия, 
аппендицит, бауыр аурулары мен холецистит және жедел панкреатит сияқты 
асқорыту жүйесінің аурулары асқынғанда дамиды. 
Перитонит құрсақ қуысының белгілі бір бөлімін ғана қамтып, 
шектелген 
нысанда
, немесе оның бірнеше бөлімдерін жайлап 
жайылмалы нысанда
болады. Көбіне 
перитонит экссудатты
(ұйымалы, фибринді, іріңді) 
жедел

кейде 
нәжістік
және 
өттік
. Әдетте, іштің қабырғасы (париетал) мен іштегі 
мүшелерді астарлап тұратын (висцерал) перденің тамырларына қан толып, 
қанды ошақтар пайда болады. Ішектің арасына экссудат жиналып, иірімдері 
жабысып, бірігеді. Экссудат мүшелер мен іш қуысының үстін ғана жауып 
қоймай, төменгі бөлімдеріне де (бүйір саңылаулары мен кіші жамбас қуысына) 
жайылады. Ішекті сұйықтық пен газ кернеп, іргесі жидіп, былжырайды, ол оңай 
жыртылып кетеді. 
Жайылмалы перитониттің барысында іріңдеген жерлер қабықпен шектеліп, 
ішектің арасында «абсцестер» қалыптасады; диафрагманың астында шектелген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет