Нуржігіт Алтынбеков
377
киллерлердің сезімталдығын арттырып, коллаген түзілу үдерісін (колагенгенезді)
үдетеді.
Алкогольдік
гепатит
бауырдан
басқа
да
мүшелер
жүйесін
зақымдайтындықтан, әртүрлі васкулиттер, әсіресе гломеруланефрит жиі байқалатыны
белгілі. Бұған құрамында алкогольдік гиалиннің антигені бар қанайналымындағы
иммундық кешендердің әсері себеп болады.
Алкогольдік жедел гепатит көбінесе майлы гепатоздың, созылмалы гепатит
пен цирроздың желеуінде өрбиді. Ол бұрын зақымдалмаған бауырда да дами
береді. Майлы гепатоздың немесе созылмалы гепатиттің желеуінде қайталана
берген алкогольдік жедел гепатит көбіне циррозбен аяқталады. Егер
алкогольдік жедел гепатит цирроз шалған бауырда өрістесе, бауырда уытты
әсерлік дистрофия дамып, науқас өледі. Ал алкогольдік жедел гепатит бұрын
зақымдалмаған бауырда дамып, науқас алкоголь ішуін дер кезінде тыйса және
дұрыс ем қолданылса, бауыр өз қалпына толық келеді немесе оның стромасын
фиброз жайлайды. Алкогольді іше берген жағдайда, бауыр одан әрі
зақымдалып, гепатоциттерде майлы дистрофия, стромадағы фиброз үдей түседі.
Алкогольдік созылмалы гепатит
көбіне үздіксіз (персистенциялы), анда-санда
ғана белсенді болады.
Алкогольдік созылмалы үздіксіз гепатит
кезінде гепатоциттер майлы
дистрофияға ұшырайды, гистиоциттер мен лимфоциттер тым көп шоғырланып,
порталық строманы дәнекер тін жайлайды (218-сурет).
Алкогольдік созылмалы
белсенді гепатит
дамыған бауыр бөлікшелерінің жиегіндегі гепатоциттер
белокты (гидропиялы, баллонды) дистрофияға ұшырап, жойылады. Бөлікшелер
қалыпты құрылысынан тайып, қайта құрылады. Сонымен қатар, кең көлемді
склерозға ұшыраған порталық жолдарды гистиоциттер мен лимфоциттер
біркелкі қамтып, жайлайды. Бұл жасушалар бөлікшелердің жиегіндегі
гепатоциттердің арасына өтіп, қоршап алады да, оларды жойып жібереді
(баспалдақты некроз).
Достарыңызбен бөлісу: