Нуржігіт Алтынбеков
374
Микроскоппен
бөлікшелердегі гепатоциттер тізбегінің қалпына келіп, некроз
бен дистрофия кемігені байқалады. Гепатоциттердің жаңару қарқыны артып,
бөлікшелердің әр жерінен қосядролы жасушалар ұшырасады. Порталық
жолдың өне бойында және бөлікшелердің ішіне лимфоциттер мен макрофагтар
топтасады. Гепатоциттері көп жойылған аймақтардың ретикулалық стромасы
тым қалындап, ол жерлерде коллагендік талшықтар көбейеді. Коллагендік
талшықтар синусоидтардың төңірегін де жайлайды.
Жедел циклді гепатитпен сырқаттардың бауырында вирустық бөлшектер мен
антигендер болмайды. Тек гепатиттің ұзақ мерзімді нысанында ғана кейбір
гепатоциттер мен макрофагтардан HBsАg табылады.
Вирустық гепатиттің
сарғаюсыз нысанымен
сырқаттардың бауырында
өрістейтін өзгерістер жедел циклді гепатиттегідей айқын бола қоймайды.
Лапароскоппен ұлғайып, қызарған бауырды көреміз (
ұлғайған қызыл бауыр
).
Кейде бауырдың бір бөлігі ғана зақымдалады. Гепатиттің бұл нысанының
Достарыңызбен бөлісу: