Нуржігіт Алтынбеков 375
Созылмалы белсенді гепатит кезінде қақпалық венаның тарамдары мен оның
айналасы және бөлікшелердің іші склерозды болып, ол жерлерді әртүрлі
жасушалар жайлайды. Көбейген лимфоциттер, макрофагтар, гистиоциттер,
плазмациттер, әдетте аралық табақшалар арқылы бөлікшелердің ішіне өтіп,
гепатоциттерді зақымдайды (215-сурет). Иммундық жүйенің эффекторлық
жасушаларының әсерінен (иммундық цитолиз) гепатоциттерде
гидропиялы немесе
баллонды дистрофия және
некроз дамиды (
деструкциялы гепатит
.
Некроз аймақтары
баспалдақты ,
көпіртәрізді және
орташа көлемді (көпбөлікшелік) сипатта қалыптасады. Олардың көлемі аурудың белсенділік
дәрежесіне сәйкес болады. Гепатоциттер зақымдалған жерлерде жұлдызша
ретикула-эндотелиоциттер мен өт тамырларының жасушалары көбейеді. Бірақ
бауырдың паренхимасы толық қалпына келе алмайды, сондықтан оның тінінде
склероз дамып, қалыпты құрылысынан тайып, қайта құрылады.
215-сурет. В-вирустық созылмалы гепатит (бауыр биоптаты)
: а — белсенді гепатит; бауырдың қақпалық
және бөлікшеішінің склерозды стромасындағы жасушалар шоғыры, аралық табақшадағы гепатоциттің
деструкциясы; б — персистенциялы гепатит; склерозды қақпалық аймақтағы жасушалар шоғыры; аралық
табақша бұзылмаған; гепатоциттерде дистрофия.
Электрондық микроскопты (216-сурет), иммунгистохимиялық тәсілді, жарық
микроскопын қолданғанда және орсеинмен бояғанда гепатоциттерден В
вирустық гепатиттің таңбасы (маркері) — НBsАg және HBcАg-анигендер
анықталады. Сонда НВsАg-антигенді гепатоциттер күңгірт шыны тәрізді болса
(
күңгірт шыны гепотоциттер ), НBcАg-антигенді гепатоциттердің ядросы құм
себілгендей болады (құмды ядро). Бұл гистологиялық нышандар гепатитті В
вирус дамытқанының нақты дәлелі болып табылады. Созылмалы гепатиттің
белсенді нысанына НВсАg-антигенді ошақтар тән, ол көбіне постнекроздық ірі
түйінді циррозбен аяқталады.