Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет458/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   832
Байланысты:
струков патан

микробейнесі
де өзгешелеу: гепатоциттерде дистрофия мен некроз сирек 
байқалып, Каунсильмен денешіктері бірен-саран ғана болады, жұлдызша 
ретикула-эндотелиоциттер тым көбейіп кетеді. Макрофагтар мен нейтрофилдер 
бөлікшелер мен порталық жолды түгел жайлағанмен, аралық табақша 
бүлінбейді және холестаз да байқалмайды. 
Вирустық гепатиттің 
некрозды 
(қатерлі, фульминантық, күрт дамитын)
 
нысанының
даму барысында бауырдың паренхимасын некроз шарпиды. 
Сондықтан бауыр күрт кішірейіп, қабығы бүрісіп, әжімделеді, тіні бозғылт 
қоңыр немесе сары түсті болады. 
Микроскоппен
бауырдан 
көпіртәрізді
және 
ауқымды некроз
аймақтарын көреміз. Гепатоциттер өлексесінің арасынан 
Каунсильмен денешіктері, жұлдызша ретикула-эндотелиоциттер, лимфоциттер, 
макрофагтар мен нейтрофилдер ұшырасады. Холестазды өттік капиллярларды 
өт кернейді. Гепатоциттер бөлікшелердің жиегінде ғана сақталады, оларда 
гидропиялы және баллонды дистрофия дамиды. Өлекседен тазарған жерлердің 
стромасы жалаңаш қалады, синусоидтар қан кернеп, кеңиді; қанды ошақтар 
пайда болады. Егер науқас жедел кезеңде 
бауырлық
комадан
өлмей қалса, 
некроздың салдары ретінде 
ірі түйінді постнекроздық цирроз
дамиды. 
Вирустық гепатиттің 
холестаздық нысанымен
көбінесе егде тартқан адамдар 
сырқаттанады. Оның даму барысында бөлікшелерді холестаз жайлап, өт 
жолдары қабынады (холангит, холангиолит). Лапороскоппен сарғыш жасыл 
түсті ошақтары көп, бөлікшелерінің кескіні әдеттегіден айқындау, 
ұлғайған 
қызыл бауыр 
көрінеді. Микроскоппен бауырда 
холестаз
басым екені 
байқалады. Өттік капиллярлар мен порталық жолдағы өт өзекшелерін өт 
кернеп, гепатоциттер мен жұлдызша ретикула-эндотелиоциттерге өт 
пигментінің түйіршіктері жиналады. Холестазға 
холангит 
пен
холангиолит 
қосарланады. Бөлікшелердің орталық аймағындағы гепатоциттерді гидропиялы 
немесе баллонды дистрофия шарпып, онда бірлі-жарым Каунсильмен 
денешіктері кездеседі. Порталық жол кеңіп, өне бойын лимфоциттер, 
макрофагтар мен нейтрофилдер жайлайды. 
Созылмалы гепатиттің
белсенді және персистенциялы (үздіксіз) нысандары 
бар. Кейде гепатиттің лобулалық (бөлікшелік) нысаны да байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет