220-сурет. Постнекроздық цирроз . Бауырдың үсті ірі бұдырлы. Төменде цирроздың зардабынан ұлғайған
талақ.
Постнекроздық цирроз некроз дамытатын әртүрлі себептермен байлынысты
болып, тез дамиды. Көбіне ол бауырдың токикалы дистрофиясы мен некроз
ауқымды болған вирустық гепатиттен туындаса, кейде алкогольдік гепатиттің
салдары. Цирроздың бұл нысанында бауыр жасушаларының қызметі тез кеміп,
порталық гипертензия кешірек дамиды.
Порталық цирроздың даму барысында порталық және перипорталық
аймақтарды склероз жайлап, кеңиді де, кейін дәнекер тінді жолақтар
бөлікшелердің ішіне өрістеп, порталық қан тамырлары мен орталық веналарды
өзара жалғастырады және монолобулалы жалған бөлікшелер түзіледі. Порталық
цирроздың микробейнесі постнекроздық цирроздағыдай әр текті болмайды:
бөлікше дәнекер тіннің жіңішке жолақтарымен торланып, онда жалған
бөлікшелер шамалы болады (221-сурет). Порталық цирроз көбінесе созылмалы
гепатит пен майлы гепатоздан өрістейді, сондықтан оның морфологиялық
бейнесіне созылмалы қабыну үдерісі мен гепатоциттердің майлы дистрофиясы
тән. Цирроздың бұл нысанына шалынған бауыр кішірейіп, қатаяды; оның
үстіңгі беті ұсақ түйінді немесе ұсақ бұдырлы келеді
(ұсақ түйінді цирроз ; 222-
сурет).
221-сурет. Бауырдың порталық циррозы: а — перисинусоидтық кеңістіктегі (ПсК) фибробластылар (Фб)
мен коллагендік талшықтар (КлТ) будалары; синусоид (СД) қысылған; гепатоциттер
цитоплазмасындағы липидтік тамшылар (Л). Электронграмма. Х6000 (Давидтен); б —лимфоциттер
мен макрофагтар шоғырланған дәнекер тіннің жіңішке жолақтарымен шектелген жалған бөлікшелер
(микробейне).
222-сурет. Бауырдың порталық циррозы. Бауырдың үстіңгі беті ұсақ түйінді (ұсақтүйінді цирроз).
Порталық циррозға негізінен созылмалы алкоголизм (
алкогольдік цирроз ) мен
дұрыс қоректенбеу, яғни тағамдық дисбаланс деп аталатын ахуал (
тағамдық цирроз ) себеп болады.