Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет519/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   832
Байланысты:
струков патан

Гипофиздік ісіктер
. Бұл ісіктердің көбі гормон түзеді. 
(«Эндокриндік 
бездердің ісіктерін»
қара). 


Нуржігіт Алтынбеков 
421
Бүйрекүсті безі 
Бүйрекүсті 
безінің
қыртыстық 
қабаты 
минералкортикостероидтар 
(альдостерон), глюкокортикостероидтар мен жыныстық гормондар түзеді. Бұл 
гормондардың бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлімінің адренокортикотроптық 
(АКТГ) және гонадотроптық гормондары реттейді. Гипофиздық гормондардың 
әсері үдесе немесе бүйрекүсті безіне гормонтүзгіш ісік байланса, бездің қызметі 
артып, гиперфункция байқалады, ал аталған әсер нашарласа немесе бүйрекүсті 
безінің қыртыстық қабаты зақымдалса, гипофункция дамиды. Бүйрекүсті 
бездерінің милық қабатында гормондардың (адреналин, норадреналин) түзілуін 
симпатикалық жүйкелік жүйе жандандырады. Бұл қабаттың гипофункциясы 
хромаффиндік тіндердің әрекеті арқылы қалпына келтіріліп отырса, 
гиперфункциясына ісіктер (феохромоцитома) себеп болады («
Эндокриндік 
бездердің ісіктерін»
қара). 
Аддисон ауруы
(1849 ж. бұл ауруды сипаттаған ағылшын дәрігері Т. 
Аддисонның атымен аталған) — 
қолалық ауру
. Бұл ауру бүйрекүсті бездерінің 
негізінен қыртыстық қабаты зақымдалып, гормондар мүлде түзілмегенде 
(
акортицизм
) немесе аз түзілгенде (
гипадренокортицизм
) орын алады. Қолалық 
ауру көбіне бүйрекүсті бездерін аутоиммундық әсер (
біріншілік Аддисон ауруы
), 
ісіктің метастаздары мен амилоидоз (эпинефропатиялық амилоидоз) 
зақымдағанда, қан құйылғанда, тромбылар түзіліп, тінін некроз шарпығанда 
және туберкулезден дамиды. Кейде бұл ауру гипоталамус-гипофиз жүйесінің 
жұмысы дұрыс болмағандықтан өрістейді (АКТГ немесе кортикотропин-
ризилинг-фактор азаяды) немесе тұқымқуалайды. 
Аддисон ауруы кезінде АКТГ мен меланиннің түзілуін жандандыратын 
гормон көбейеді, сондықтан тері мен кілегейлі қабықшалар қоңыр тартады 
(меланодермия), миокард семеді, қолқа мен басқа да ірі қан тамырларының 
саңылауы тарылады. Ұйқы безінің ұяларындағы жасушалар жаңа жағдайға 
(гипогликемияға) бейімделіп көбейеді, ал асқазанның кілегейлі қабықшасы, 
әсіресе оның шектеме жасушалары, семеді. Лимфалық тін мен айыршық без де 
ұлғаяды. 
Аддисон ауруымен сырқаттар бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігінен, 
кахексиядан (супрареналдық кахексиядан) немесе жүрек-тамыр жүйесі 
қызметінің жеткіліксіздігінен өледі. 
Бүйрекүсті бездері ісіктерінің көбі гормон түзеді 
(«Эндокриндік бездердің 
ісіктерін» 
қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет