Нуржігіт Алтынбеков 419
Ішкі секрециялық бездердің аурулары Эндокриндік жүйеге кіретін шеткі эндокриндік бездер өзара және гипофизбен
де тығыз байланысты. Бұл жүйенің жұмысын гипофиздің гормондары
үйлестіріп отырады. Ал, гипофиздің жұмысына үнемі орталық жүйке жүйесі,
әсіресе гипоталамус және эпифиз де бірсыдырғы әсер етеді. Эндокриндік жүйе
иммундық жүйемен айыршық без арқылы сабақтас. Сонымен, гомеостазды
қамтамасыз ететін біртұтас жүйке-гуморальдық-иммундық реттеуші жүйе бар
деуге әбден болады. Эндокриндік жүйеге көптеген мүшелер мен тіндерде
шашырай жайғасқан диффузды эндокриндік жүйе — АРUD-жүйе де
жатқызылып жүр. Бездердің бірі, әсіресе гипофиз зақымдалса, іле басқа
бездердің де құрылысы мен қызметі өзгереді. Бездердің көбі бірден
зақымдалып, бұл жағдайдың клиникасы айқын болса, плюригландулалық
эндокринпатия деп аталады.
Эндокриндік аурулар
тума және
жүре болатын топтарүа бөлінеді. Олар,
әдетте орталық жүйке жүйесіндегі патологиялық үдерістерден, гипоталамус-
гипофиз жүйесінің реттеуші қызметі бұзылғанда, аутоиммундық немесе ісіктік
үдерістердің салдары ретінде дамып, белгілі бір бездің немесе бездер тобының
гиперфункциясы ,
гипофункциясы немесе
дисфункциясы арқылы көрініс береді.
Эндокриндік бездің құрылысы өзгерсе, дистрофия, атрофия, дисплазия (гипер-
немесе гипоплазия) және склероз үдерістері өрістеп, кейде ісік дамиды.
Гипофиз Гипофиздің қызметі осы безде ісіктік немесе аутоиммундық өзгерістер,
қабыну, некроз сияқты үдерістер өрістегенде және гипоталамус пен орталық
жүйке жүйесінің басқа да аймақтары зақымдалғанда бұзылады. Сондықтан
кейбір жағдайларды ми (гипоталамус)-гипофиздік аурулар деп атауға әбден
болады. Бұл аурулардың ең маңыздылары: 1) акромегалия; 2) гипофиздік
нанизм; 3
ми-гипофиздік кахексия; 4)