Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет515/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   832
Байланысты:
струков патан

Қағанақ кезбесі 
(
mola һуdatidosa
— 
пузырный занос) деп гидропиялы және 
кисталы өзгеріске ұшырап, әрі эпителийі мен синцитийі көбейгендіктен, 
хорионның бүрлері күрт ұлғайып, жүзім сағы тәрізді кисталы шоғырлар түзген 
плацента аталады. Қағанақ кезбесі көбіне жас әйелдерде кездеседі. Ол дамыған 
кезде ұрық өледі. 
Кейде хорионның бүрлері жатырдың терең қабаттарына жайылып, әсіресе 
венаға өтіп кетеді — 
деструкциялы қағанақ кезбесі
. Ол өкпеге плаценталық 
эмболдар арқылы жайылуы мүмкін. Қағанақ кезбесінің даму себебі әлі белгісіз. 
Қағанақ кезбесі дамығандардың біразының аналық безінде фоликулдық 
кисталар пайда болады: бұл ауру осы бездің гормонтүзгіш қызметі дұрыс 
болмағандықтан дамуы мүмкін. Қағанақ кезбесі 
хорионэпителиомаға
ұласуы 
мүмкін 
(«Экзокриндік бездер мен эпителийлік жамылғылар ісіктерін
» қара). 
Соңғы кезде қағанақ кезбесі және деструкциялы қағанақ кезбесі мен 
хорионэпителиома 
«трофобластылық ауру»
деп аталып жүр. 
Плаценталық полип
босанғаннан немесе түсіктен кейін жатырдың кілегейлі 
қабықшасында қалып қойған бала жолдасының элементтерінен өрбиді. Полип 
беріштене бастаған хорион бүрлерінен, ұйыған фибриннен, децидуалық тіннен 
құрылады. Жатырда дәнекер тінді аймақ қалыптасады. Плаценталық полип 
жатырдың босанғаннан кейін қалпына келуін тежеп, кілегейлі қабықшаның 
қабынуына жағдай туғызады және қан кетуіне себеп болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
418
Жатырдың босанулық инфекциясы
— босанғаннан кейінгі кезеңнің ең қауіпті 
зардабы; оны көбінесе стрептококк, стафилококк немесе ішек таяқшасы 
қоздырады. 
Жатырға түскен инфекциядан эндометрий қабынып, 
іріңді эндометрит
дамиды. Эндометрит босану кезеңінде де, босанғаннан кейін де байқалады. 
Босанулылық инфекцияны қоздырушылардың тегі экзогенді де (асептиканың 
ережелері орындалмағанда), эндогенді де (босанған кезде эндометрийдегі 
инфекция қаулап) бола береді. 
Кейде эндометрит ауыр ағымды болып, 
сепсистік 
сипат алады. Жатырдың 
ішкі бетін лайсаңдау боз түсті ірің жайлап кетеді. Инфекция жатырдағы 
лимфалық тамырлар мен веналар арқылы (лимфогендік және гематогендік 
жолмен) жайылып, лимфангит, флебит және тромбылы флебит орын алады. 
Эндометрит 
метрит
пен 
периметритке
ұласып, перитонитпен асқынады. 
Ақырында жатырда өте ауқымды инфекция көзі қалыптасып, үдеріс бүкіл 
организмге жайылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет