Нуржігіт Алтынбеков 55
I тәсім. Паренхималық диспротеиноздардың морфогенезі Гиалин-тамшылы дистрофия Гиалин–тамшылы дистрофия дамыған цитоплазмада бір-бірімен бірігіп,
жасушаның цитоплазмасын толтырған, гиалинге ұқсас ірі белок тамшылары
пайда болады да, жасушаның ультрақұрылымдық элементтері қирайды.
Бірқатар жағдайларда гиалин-тамшылы дистрофия
фокал коагуляциялық некрозбен аяқталады.
Диспротеиноздың бұл түрі бүйректе жиі кездеседі де, бауырда сирек, ал
миокардта өте сирек байқалады.
Бүйректі микроскоппен зерттегенде оның нефроциттерінен гиалин
тамшылары табылады. Нефроциттердің митохондриялары, эндоплазмалық
торы, түкті кемері қирайды (27-сурет). Бүйрек өзекшелері эпителийінің гиалин-
тамшылы дистрофиясы нефропатиялардың нефроздық синдроммен асқынатын
түрлерінде кездеседі және өзекшелердің белокты реабсорбциялауының
жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл көбінесе гломерулонефритке, бүйрек
амилоидозына, плазмацитомада байқалатын парапротеинемиялық нефрозға тән
құбылыс.
27-сурет. Бүйрек өзекшелері эпителийінің гиалинді-тамшылы дистрофиясы: а —эпителий
цитоплазмасындағы белоктың ірі тамшылары (микробейнесі); б — жасушаның цитоплазмасындағы
сопақ пішінді гиалиндік заттар (ГЗ) мен вакуольдер (В); түкті кемердің микробүрлері (МБ)
сыдырылып, өзекшеге (Ө) вакуольдер мен белоктық заттар шыққан. Электронграмма. 18 000.
Сыртқы пішіні . Бүйректің сыртқы пішінінде дистрофияның тек қана осы
түріне тән өзгерістер байқалмайды. Оның сыртқы пішіні негізінен оны
дамытқан аурудың (гломерулонефрит, амилоидоз) ерекшелігіне сәйкес болады.
Микроскоппен зерттегенде бауырдың паренхималық жасушаларының
өзгерістері жоғарыда сипатталған нефроциттердің өзгерістеріне ұқсайды. Бұл
өзгерістер гепатит пен бауыр циррозында байқалады. Алкогольдік гепатитпен,
біріншілік
билиарлық
және
балалардың
үнділік
цирроздарымен,
Жасушаның колликвациялық
тотал некрозы
Жасушаның колликвациялық фокал
некрозы (баллонды дистрофия)
Гидропиялы
дистрофия
Цитоплазмада гидратация, колликвация
(лизосомалық гидролазалар жанданады)
Жасушаның коагуляциялық
тотал некрозы
Жасушаның коагуляциялық
фокал некрозы
Түйіршікті
дистрофия
Цитоплазмада белоктар
денатурациясы мен коагуляциясы
Жасуша