Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет583/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   832
Байланысты:
струков патан

СИРЕК БӨРТПЕ СҮЗЕК 
Сирек бөртпе сүзек
(Брилл-Цинссер ауруы) — бөртпе сүзектің ерекше 
нысаны. Оны да эпидемиялы бөртпе сүзектің қоздырушысы дамытады. Бұл 
ауру бұрын эпидемиялы бөртпе сүзекпен сырқаттанғандарда кездеседі, 
сондықтан ол эпидемиялы бөртпе сүзектің қайталанған нысаны ретінде 
қаралады. Сирек бөртпе сүзекке негізінен 45 жастан асқандар шалдығады. Ол 
бит арқылы жұқпайды. Оның ағымы қатерсіз, ал Провацек риккетсиясының 
антигеніне қарсы антидененің титрі науқаста жоғары болады. Клиникалық және 
морфологиялық бейнесі тап бөртпе сүзектегідей, бірақ ондай айқын емес. Өлім-
жітім аз. 
Сирек бөртпе сүзектің пайда болуы бұрын эпидемиялы бөртпе сүзекпен 
ауырған адамдардың, яғни Провацек риккетсиясының резервуары бар екенін 
және бұл ауру көп жылдан кейін қайталана алатынын көрсетеді (Здродовский 
П.Ф., 1972). Егер сирек бөртпе сүзекпен ауыратындардың төңірегіндегілер 
биттеп кетсе, эпидемиялы бөртпе сүзек қаулауы мүмкін. 
Ку-ҚАЛТЫРАУЫ 
Ку-қалтырауы 
— пневморикккетсиоз. Ол — өте жұқпалы; жедел ағымды 
қалтырау және пневмония тән. Ку-қалтырауы басқа елдермен қатар, бұрынғы 
КСРО-ның территориясында да кездеседі. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Ку-қалтырауын Бернет риккетсиясы 
қоздырады. Ол ауа-тамшы арқылы, алиментарлық немесе жанаспа жолмен 
жұғады. 
Морфологиялық бейнесі
. Бұл ауру жедел ағымды болса, интерстицийлік 
пневмония дамып, кейде ол ұзаққа созылып, өліммен аяқталады. Мәйітте 
интерстицийлік және карнификациялы ошақты пневмония, васкулиттер 
байқалады. Лимфалық түйіндер ұлғайып, эпителиоид- және плазмацит-
жасушалы түйіншектер түзіледі. 
Бактериялар қоздыратын аурулар 
Бактериялар қоздыратын аурулар
 
алуан түрлі, бұл жағдай қоздырушының 
ерекшелігіне, жұғу жолына, жасуша мен тіннің инфектіге аффинділігіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет