Классификациясы . Сепсистік (бактериялық) эндокардит ағымының
сипатына және басқа (желеу) аурудың оған қатыстылығына қарай жіктеледі.
Ағымына қарай , сепсистік эндокардит
жедел, жеделдеу және
ұзақ ( затяжной
) нысандарға бөлінеді. Сепсистік эндокардиттің жедел нысанының даму мерзімі 2
аптадай болса, жеделдеуі 3 айға дейін, ал ұзақ ағымды нысаны айлап, жылдап
созылады.
Қазір оның жеделдеу және ұзақ нысандары дамып, жедел нысаны өте сирек
байқалатын болды.
Басқа
желеу аурудың қатыстылығына қарай, сепсистік эндокардит (әсіресе,
жеделдеу және ұзақ ағымды) 2 нысанға бөлінеді: 1) зақымды (ақаулы)
қақпақшада дамитын — салдарлық сепсистік эндокардит; 2) зақымсыз
қақпақшада дамитын — біріншілік сепсистік эндокардит (Черногубов ауруы);
бұл нысанды 1949 ж. Б.А.Черногубов сипаттаған. Аутопсиялық деректер
бойынша, сепсистік эндокардиттің 70-80%-ы салдарлық эндокардит. Оның көбі
жүректің
ревматизмдік
кемістіктерінің
желеуінде
өрістеп,
кейде
атеросклероздық, сифилистік және тума кемістіктердің (Фалло төрттігі,
бітелмеген артериялық өзек, т.б) салдары ретінде дамиды. Біріншілік сепсистік
эндокардиттің үлесі — 20-30% еді, соңғы жылдары ол күрт көбеюде.
Патологиялық анатомиясы .
Сепсистік
эндокардиттің
өзіндік
морфологиялық бейнесі бар. Ол жүректі, қан тамырларын, талақ пен бүйректі
басымырақ зақымдайды және оған шеткі деп аталатын бірқатар нышандар да
тән. Сонымен қатар, тромбылы эмболия, инфаркт пен геморрагия да байқалады.
Аурудың басты бейнесі
жүректің қақпақшаларында орын алады.
Аутопсиялық деректер бойынша, сепсистік эндокардиттің 60-75%-ы бір ғана
қақпақшаны зақымдап,
дербес эндокардит дамиды. Бұл аурудың 50%-ында тек
қана қолқаның қақпақшасы, ал 10-15%-ында қосжақтаулы қақпақша, 25-30%-
ында қолқаның қақпақшасы мен қосжақтаулы қақпақша, 5%-ында басқа да
қақпақшалар қамтылады. Сонымен, сепсистік эндокардиттің ең жиі (75-80%)
дамитын жері — қолқалық қақпақша. Қақпақша склерозға ұшыраса да,
ұшырамаса да онда
полипті-ойық жаралы эндокардит орын алады (284-сурет).
Әдетте, склерозды қақпақшаға полип тәрізді, тромбылар үйіліп, кейін олар оңай
үгітіліп, тез ізбестенеді. Дәнекер тін жайлап, сиқы кеткен қақпақшадағы
ізбестенген тромбылық үйінді үзілсе, орнында ойылған жара қалады. Ойық
жара қақпақшаны кейде үстіртін ғана зақымдайды, енді бірде жақтауша
бұзылып, жедел аневризма қалыптасады. Тромбылық үйінділер жақтаушаларда