Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет639/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
510
ғана емес, қабырғалық эндокардта да түзіледі, қолқаның қақпақшасынан тіпті 
интимасына да жайылады.
284-сурет. Полипті-ойық жаралы созылмалы эндокардит. 
Микроскоппен зерттегенде
үдерістің некрозды ошақтан басталатыны 
байқалады. Ол ошақтың төңірегіне лимфоидтық жасушалар мен гистиоциттер, 
көпядролы макрофагтар шоғырланады, нейтрофилдер өте аз, тіпті мүлде 
болмайды. Жасушалардың арасына бактериялар топтасады. Некрозды 
ошақтарда тромбылы ірі үйінділер пайда болып, кейін беріштенеді. 
Грануляциялық тін өсіп, жақтаушалардың сиқын бұзып, жүректе кемістік 
қалыптасуына себеп болады. Егер эндокардит бұрыннан кемістікті қақпақшада 
өрбісе, склероз үдей түседі. 
Миокардтың
бұлшықет талшықтары ұлғаяды; 
жүректің қай қуысының қабырғасы қалыңдаса да, оның даму дәрежесі ақаудың 
сипатына байланысты. Миокардтың аралық тініне гистиоциттер мен 
лимфоциттер шоғырланып, 
Ашофф-Талалаев
гранулемасына ұқсайтын 
түйіншектер түзіледі. Миокардтағы қан тамырларының қабырғасын 
фибриноидты некроз шарпып, плазма сіңеді, эндо- және периваскулит 
байқалады. 
Қан тамырлары
жүйесінде, әсіресе микроциркуляциялық арнада, 
ауқымды 
альтерациялық және пролиферациялық үдерістер
кең орын алады. 
Капиллярлар мен артериолалардың және веналардың қабырғасына плазма сіңіп, 
фибриноидты некроз бен 
эндо- және периваскулит 
дамиды. Ұсақ және орта 
көлемді артериялардың қабырғалары қабынып, аневризмалар қалыптасады, 
олар кейде жыртылып, өлім қаупін туғызады (миға қан құйылуы да мүмкін). 
Қан тамырларының өткізгіштігі артып, 
геморрагиялық синдромның
негізгі 
себептерінің біріне айналады. Теріде, сірі және шырышты қабықшаларда, 
көздің конъюнктивасында қанды дақтар пайда болады. 
Талақтың
пульпасы ұзақ уақыт бойы гиперплазия орын алып, әдетте өзі 
ұлғаяды, тінінен түрлі мерзімдік инфарктілер ұшырасады (285-сурет). 
Бүйректе
иммункешендік диффузды гломерлонефрит
дамиды; көбіне 
инфарктілер
байқалып, кейін ол жерлер 
тыртықтанады
. Бірқатар мүшелердің 
аралық тіні қабынады, васкулит, қанды ошақтар, инфарктілер жиі кездеседі. 
Мида
васкулит, аневризма мен тромбылы эмболия дамып, оның салдарынан кей 
жерлері жұмсарады, қанды ошақтар түзіледі. Сепсистік эндокардитке тән, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет