Нуржігіт Алтынбеков
512
жатқызылады. Бұл аурулардың диагнозы тіндерден саңырауқұлақ (мицелийлер,
жемістік мүшелері, споралар) табылғаннан кейін ғана қойылады.
Эндогендік
микоздар
тобына кандидоздар, еуропалық бластомикоз, аспергиллез,
пеницеллез, мукоромикоз кіргізіліп жүр. Бұл
микоздардың қоздырушылары
көбіне сау адамдардың шырышты қабықшасында кеселсіз сапрофиттер ретінде
өмір сүреді. Ондай адамдар
микотасымалдаушы
деп аталады. Дегенмен,
қолайсыз
әсерден дисбактериоз дамыса, саңырауқұлақтар патогенді әсер ете
бастайды. Микоздармен сырқаттану соңғы жылдары көбеюде; оның себебі –
иммундепрессанттармен
және
цитостатиктермен
емдегенде
дамитын
дисбактериоз.
Микоздар теріні зақымдайтын – дерматомикоздарға және ішкі мүшелерде
дамитын – висцералдық микоздарға жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: