Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет686/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   682   683   684   685   686   687   688   689   ...   832
Байланысты:
струков патан

өрлеме
жолмен
немесе ананың құрсағында қабынған ошық болса, жатыр түтігі 
арқылы, яғни 
құлдырама
жолмен
де жайылады. Көбінесе ана организміндегі 
солғын немесе жасырын инфекциялық ошақтар бастау болады. Өйткені 
инфекциялық ауру баяу ағымды болса, иммундық глобулиндердің мөлшері мен 
оларға сәйкес иммундық антиденелердің титрі кеміп, ананың өзіндегі үдерісті 
тоқтатуға және нәрестені ауыртпауға жеткіліксіз болады. Бұл жағдай, мысалы, 
токсоплазмоз бен сарысулық гепатитте байқалады. 
Патологиялық анатомиясы
. Инфекциялық фетопатиялардың барлығы да 
нәрестенің организмін түгел қамтып, сепсис тәрізді өрістейді. Паренхималы 
мүшелер мен мида 
ареакциялық
некрозды
(Коксаки вирустық инфекция) немесе 
мүшелердің көбінде дмффузды пролиферациялы инфильтраттармен қатар 
ареакциялық ошақтар (тума сарысулық гепатит, цитомегалия, қызамық, 
токсоплазмоз) және 
гранулемалар
(тума сифилис, листериоз, туберкулез, 
саңырауқұлақтар) пайда болады. Үдеріс жалпы қамтығанмен, кейбір мүшелер 
басымырақ зақымдалады: мысалы, токсоплазмоз – миды, сарысулық гепатит – 
бауырды, Коксаки вирусы – миокард пен миды, т.с.с. Әдетте, геморрагиялық 
синдром өрістеп, теріде, шырышты және сірі қабықшаларда қанды дақтар, ішкі 
мүшелерде қанды ошақтар пайда болады. Кейбір инфекциялық ауруларда 
васкулит бүкіл организмді қамтып, 
геморрагиялық синдром
меңдей түседі. 
Шаранадағы иммундық жауаптың әсерінен айыршық без шала жетіліп, семіп, 
көлемі мен салмағы кемиді, қан жасайтын 
экстрамедулалық ошақтар
шарана 


Нуржігіт Алтынбеков 
546
жетіліп туылса да ұзақ сақталады, шала туылса, ол ошақтар көлемі ұлғайып, 
гепато- және спленомегалия орын алады. Көбіне конъюгациялық сарғаю 
байқалады, нәресте шала жетіліп, өте әлжуаз болады (жалпы гипоплазия). 
Болжамы
жақсы емес. Сырқат нәрестелердің көбі өмірінің алғашқы 
күндерінде немесе алғашқы 3 айда-ақ өледі. Айығып кетсе, мүшелері 
қайтымсыз өзгеріп, мүгедек болып қалады да, маңызды мүшелерінің қызметі 
жеткіліксіз болғандықтан, өмірінің басқа шақтарының бірінде өледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   682   683   684   685   686   687   688   689   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет