Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Бауырда майлы дистрофия Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет688/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   684   685   686   687   688   689   690   691   ...   832
Бауырда
майлы дистрофия


Нуржігіт Алтынбеков 
547
байқалады. Өт қойылып холестаз, кейін 
билиарлық
цирроз
дамиды. Феталдық 
муковисцидоздың салдарынан меконий (бала қағы) жиналып, 
ішек
түйіледі
(меконийлік илеус). Ұйқы безіндегі кисталар көбіне кеш білінеді. Аш ішектің 
мықын-бүйенаралық (Баугиний) жапқышына дейінгі жеріне жасылдау сарғыш, 
жабысқақ меконий жиналады, тоқ ішек қабысып қалады (микроколон). Ішек 
тесілсе, оның арасында бала қағы болады, құрсақтың сірі қабықшасын 
фибринді-іріңді қабыршық жауып кетеді. Егер 
меконийлік перитонит 
құрсақтағы шаранада
дамыса, ішегінде бірікпелер қалыптасып, олардың 
арасына бала қағының түйіршіктері жиналады. Тап осындай түйнектәрізді 
тығыз қабыршықтар құрсақ қабырғасының сірі қабықшасынан да, талақ пен 
бауырдың қабығынан да ұшырасады.
300-сурет. Муковисцидоз. 
Ұйқы безінің кисталы фиброзы. 
Асқыну зардаптары
. Нәрестеде созылмалы пневмония, нәжістік және 
меконийлік перитонит, бауырдың циррозы сияқты муковисцидоздың тікелей 
өзінің зардаптарынан басқа да үдерістер байқалады. Ұйқы безінің қызметі 
біртіндеп бұзылып, организмде липидтер, белоктар, витаминдер (майда еритін 
витаминдер – А, Д, Е, К) дұрыс алмаспайтын болып, бала қатты жүдейді. 
Науқастың 
өліміне
жүрек пен өкпе қызметінің жеткіліксіздігі, перитонит 
немесе бауырлық кома себеп болады. Меконийлік илеуспен сырқаттар туғаннан 
кейін бірнеше күн ғана өмір сүреді. 
Эндокард фиброэластозы
тума ауру; эндокардтың өзі мен астына 
эластикалық талшықтар өсіп, склероз өрістейді; сирек кездеседі. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Бұл ауру кейбір отбасына тән. Ол цитомегалия 
вирусының әсерінен, жүкті ананың организмінде белок жеткіліксіз болса, 
авитаминоздан және гипоксияға ұшыраған нәрестеде дамитын сияқты. 
Патогенезі де әлі белгісіз. Дегенмен, миокард зақымдалып, соның салдарынан, 
компенсациялы мәнде эндокардтағы эластикалық және коллагендік талшықтар 
көбейеді деп пайымдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   684   685   686   687   688   689   690   691   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет