Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Плацента пішінінің шаранаға және жүктілік пен босану кезеңдерінің



Pdf көрінісі
бет694/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   690   691   692   693   694   695   696   697   ...   832
Плацента пішінінің шаранаға және жүктілік пен босану кезеңдерінің 
барысына кеселді кемістіктері.
Бұл топқа буылтық жиекті плацента 
(
pl.circumvallata
) мен кемерлі (
pl. marginata
) плацента жатады. Олардың 
этиологиясы әлі белгісіз. Плацента буылтық жиекті болып, бластоцистаның 
жарты беті ғана бекігенде қалыптасады; шаранаға әсері ауыр.
Микроскопиялық тәсілмен зерттегенде кемерлі плацентаның (
pl. marginata

шараналық бетінің жиегінен ақшыл түсті сақина байқалса, буылтық жиекті 
(
pl.circumvallata
) сақина жалпақтау болып, шараналық бетінің жиегі 
буылтықтанып, дөңестеу келеді. Шараналық қабық кемер мен буылтықтың 
ішкі бетінен басталады. Микроскоппен зерттегенде буылтықтың құрамынан 
некрозды түктер мен фибрин сіңіп, гиолинозға ұшыраған децидуалық тінді 
көреміз. Буылтықты плацентадан жүкті кезде қан кетеді, көбінесе шарана ерте 
кезеңде немесе өлі туады. 
Плацента пішінінің шаранаға және жүктілік пен босану кезеңдерінің 
барысына кеселсіз кемістіктері. 
Бұл топқа тесік плацента (
pl. fenestrata
) мен 
қосбөлікті плацента (
pl. bipartiata
), т.с.с. жатады. 
Плацентаның қалыптасқан орнына байланысты кемістіктер
. Бұл топқа 
жатыр мойнының 
ішкі жиегіне жуық (pl. praevia margіnalis)
немесе 
орталығында (pl.previa centtalis) жайғасқан плацента
жатады. Бластопатияның 
бұл нысандары бластоциста жатырдың төменгі сегментіне бекігендіктен 
дамиды. Бластоцистаның бұлай беку себебі белгісіз; көбіне көпұрықты жүктілік 
пен көп бала туған әйелдерде байқалады. Плацентаның қалыптасу орны дұрыс 
болмаса, оның пішіні де дұрыс қалыпты болмайды, сөйтіп ол көбінесе тесік, 
қос- және көпбөлікті, ж.б. пішінді келеді. Микроскоппен зерттегенде 
плацентаның дұрыс жайғаспаған жерлерінен көбіне некрозды және қабынған 
ошақтарды көреміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   690   691   692   693   694   695   696   697   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет