Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет727/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   832
Байланысты:
струков патан

 
Аурудың 
жалпы тума нысанында
ішкі мүшелермен қоса ми зақымдалып, 
теріде геморрагиялы бөртпелер пайда болады, гемолиздік анемия мен 
тромбоцитпения байқалып, дене сарғаяды. 
Энцефалит дамып, мидың тінінде цитомегалиялық жасушалар түзіледі, қан 
тамырларының маңына жасушалар шоғырланып, эпендиманың астында 
ақшылдау жасыл түсті, кальцинозды қатты ошақтар қалыптасып, ақырында 
гидроцефалияға
ұласады. Бірнеше күннен немесе аптадан соң науқас 
өледі

Емшектегі балаларда жүре болған цитомегалияның
тума цитомегалиядан 
айырмашылығы бар – ол 
миды зақымдамайды
. Көбіне 
белгілі бір мүше
ғана 
басым
зақымдалады. 
Өкпенің
бронхылық эпителийі мен альвеолациттерінде 
цитомегалиялық жасушалар түзіліп, пролиферациялы перибронхит пен 
интерстийлік ошақты пневмония дамиды. 
Бүйректің
өзекшелеріндегі эпителий 
цитомегалиялық өзгеріске ұшырайды, ал 
ішекте
ойық жаралар қалыптасады. 
Цитомегалияның шала туғандар мен иммунитеті тапшы балаларда дамыған 
өкпелік нысаны көбінесе пневмоцисталық пневмониямен асқынады. Ауру 
ұзаққа созылады. 
Науқас жедел ағымды қосымша инфекциядан немесе лейкоз, қатерлі ісік, 
ЖИТС сияқты ауыр әсерлі негізгі аурудан 
өледі

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ МОНОНУКЛЕОЗ 
Инфекциялық мононуклеоз
(Филатов ауруы) – герпестік вирус қоздыратын 
жедел инфекциялық ауру; негізінен лимфоцит-гистиоцитті мүшелер мен тіндер 
зақымдалады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл ауруды зерттегендердің көбі оны 
Эпштейн–Барр вирусы қоздырады деп есептейді; ол вирус герпестік вирус 
тәрізді. Дегенмен, инфекциялық мононуклеоздың этиологиясы толық 
анықталды деуге болмайды. Көбіне жасы 2 мен 10-ның арасындағы балалар 
ауырады (Кисляк Н.С., Ленская Р.В., 1978). 
Вирус ауру адамнан немесе тасымалдаушыдан жұғады. Ол ауа-тамшы 
арқылы, кейде жанаспа және алиментарлық жолдармен де жұғады. Бұл аурудың 
эпидемиясы 
кейде 
балалардың 
арасында 
қаулап 
кетуі 
мүмкін. 
Трансплаценталық жолмен
жұғатыны жайлы деректер де бар; онда жаңа туған 
нәрестенің денесі сарғаяды. 
Вирус жұтқыншақтың ауыз қуысы тұсындағы және тынысалу жолының 
жоғарғы бөліміндегі шырышты қабықшаға кіріп, катарлы қабынуды өрістетіп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет