Нуржігіт Алтынбеков 574
ошақтардың жиегі мен терідегі везикулалардың маңындағы баллонды
дистрофияға ұшыраған жасушалардан, әдетте
вирустық қосымшалар табылады.
313-сурет. Жел шешек. Эпидермистегі везикула.
Асқыну зардаптары . Терінің бөрткен жерлеріне қосымша инфекция, көбіне
стафилококтар түседі. Емшектегі балаларда кейде стафилококтік сепсис
дамиды.
Науқас стафилококтік сепсистен, кейбіреуі жел шешек жалпы жайылып, ішкі
мүшелер зақымдалғандықтан
өледі .
ЦИТОМЕГАЛИЯ Цитомегалия – (грекше:
cytos – жасуша,
megalos – үлкен) – көбіне сілекей
бездерінің паренхимасы мен стромасын зақымдайтын вирустық инфекция;
тіндерде алып жасушалар түзіліп, олардың ядросында вирустық қосымшалар
болады. Әдетте, 2 жасқа толмаған сәбилер ауырып, ересек адамдарда латентті
дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі . Цитомегалияны герпестік вирустарға жататын
ДНҚ-лы вирус қоздырады, адам фибробластыларында өсіргенде (культурада)
вирус осы ауруға
тән ядроішілік қосымшалар түзеді. Вирус көбінесе науқастың
сілекейі мен зәрінен, ми сұйықтығы мен қанынан табылады. Ересек адамдардың
көбінің қанында цитомегалия вирусына қарсы антидене болады. Бұл аурудың
диагнозы зәр мен сілекейдің тұнбасынан, ми сұйықтығынан цитомегалиялық
жасушаларды тауып немесе серологиялық реакция арқылы дәйәктеледі.
Цитомегалияның патогенезі әлі нақты анықталмаған.
Вирус сілікей бездеріне ,
көбіне шықшыт безіне қоныстап,
латентті инфекция нысанында ұзақ
сақталады. Иммунитеті нашарлағандарда немесе емшектегі балаларда виремия
дамып, вирус
гематогендік жолмен жалпы жайылып , көптеген мүшелерді
зақымдаса, васкулит дамып, эндотелий цитомегалияға тән өзгеріске ұшырайды.
Аурудың