Нуржігіт Алтынбеков
573
Этиологиясы мен патогенезі
. Жел шешекті герпестік
вирустарға жататын
ДНҚ-лы вирус (поксвирус) қоздырады. Ол – пішіні кокк тәрізді, диаметрі 160–
120 нм қарапайым денешік (Араго денешігі). Адамның тіні мен жасушаларында
(культурада) өсіргенде
ядроішілік
,
эозинофилді
және
базофилді
қосымшалар
түзеді. Жел шешектің вирусы
белдемелік теміреткінің
вирусына ұқсайды,
сондықтан
олар жұғып, қайшылас сиппатта иммундайды. Вирус ауру адамнан
(жұғу көзі) ауа-тамшы арқылы жұғады. Плацента арқылы жұқса, кешеуіл
фетопатия немесе тума жел шешек дамиды.
Вирус тынысалу
жолы арқылы қан арнасына кіріп, инкубациялық кезеңін
сонда өткізіп, көбейеді. Эктодерматропты болғандықтан, терінің эпидермисі
мен шырышты қабықшалардың эпителийіне шоғырланады.
Бұл ауру жеңіл
ағымды, мерзімі 2–3 апта, өлім-жітімі 0,01–0,05%-дан аспайды. Бірақ тума
феталдық нысанымен ауырғандарда және шала туғандарда немесе иммунитеті
тума тапшы балаларда, сондай-ақ адам иммунитет
тапшылығының вирусы
жұғып немесе жедел лейкозбен, қатерлі ісікпен, басқа да аурулармен
сырқаттанып,
иммунитет
тапшылығына
ұшыраған
жоғарғы
сынып
оқушыларының өзінде жел
шешек кейде ауыр ағымды болып, жалпы сипат
алып, өлімге ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: