Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет726/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   722   723   724   725   726   727   728   729   ...   832
Байланысты:
струков патан

ағымы
мен 
ақыры
науқастың организмінің жағдайына 
байланысты. Цитомегалияның ауыр әсерлі жалпы нысаны жаңа туғандарда 
және шала туғандарда, емшектегі балаларда байқалады. Аурудың бұл нысаны 2 
жастан асқан балалардың арасында, егер олар басқа да ауыр әсерлі аурулармен 
(лейкоз, қатерлі ісік, сепсис, тума немесе жүре болған иммунитет тапшылығы) 
ауру болса ғана дамиды. Вирус плацента арқылы жұқса, өлі туғандарда 
эмбриопатия мен ауыр фетопатия байқалып, жаңа туғанғандарда инфекцияның 
жалпы нысаны дамитыны қазір белгілі. Цитомегалияға тән өзгерістер кейде 
плацентадан да ұшырасады. 
Патологиялық анатомиясы
. Вирустың әсерінен жасушалар 30–40 мкм дейін 
ұлғайып, ядроларында жұмыр, үлкен, қатты қосымшалар түзіледі; олар алдымен 
эозинофилді, кейін базофилді болады. Қосымшалар ашық түсті аймақпен 
қоршалады. Өне бойына хроматин түйіршіктері мен ядрошықтың қалдықтары 
жайылып, ядроның қабықшасы айқындала түседі. Сөйтіп, жасушаның бейнесі 
үкінің көзіне ұқсайды. 
Цитомегалияның 
локальді
және 
жалпы
нысаны
бар. 
Локальді нысанында
сілекей бездерінің өзектері мен ацинустарындағы эпителий цитомегалиялық 


Нуржігіт Алтынбеков 
575
өзгерістерге ұшырап, лимфоциттер мен гистиоциттер шоғыры көбейіп, кейін 
склерозға ұласады. Көбінесе шықшыт безі зақымдалады. 
Жалпы нысанында
да 
тап осындай үдерістер өрістеп, өкпе мен бүйректі (314-сурет), бауыр мен ішекті, 
ұйқы безі мен бүйрекүсті бездерін, тимусты және басқа да мүшелерді қамтиды. 
Оның үстіне әлжуаз балалар мен шала туғандардың мүшелерінде қанды және 
некрозды ошақтар пайда болады. 
314-сурет. Жалпы цитомегалия:
а — бүйрек эпителийінің цитомегалиялық метаморфозы; б — ядроның 
ішіндегі қосышалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   722   723   724   725   726   727   728   729   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет