Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. 7 айлық қыз баланың арқасы мен мойнын жайлаған капиллярлы алып гемангиома —



Pdf көрінісі
бет757/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   753   754   755   756   757   758   759   760   ...   832
326-сурет. 7 айлық қыз баланың арқасы мен мойнын жайлаған капиллярлы алып гемангиома — 
Казабах–Меррит синдромы 
(А.Г. Талалаевтың препараты)



Нуржігіт Алтынбеков 
598
Каверналы гемангиома
шынайы ісіктен гөрі тамырлар кемістігіне көбірек 
ұқсайды; балаларда капиллярлы ангиомадан сиректеу кездеседі. Көбіне 
бауырда, теріде асқорыту жолында, басқа да ішкі мүшелерде дамиды. 
Емшектегі сәбилердің кейбіреуінің бауырында каверналы тума алып ангиома 
қалыптасып, мүшенің бүкіл көлемінің 2/3 бөлігіне жуығын қамтиды (327-
сурет). Әдетте, одан қан кетіп, науқас қансырап өледі. 
Гемангиомалар кейде тыртық жайлап, өздігінен кері дамуы да мүмкін 
(регрессия).
327-сурет. 5 айлық қыз баланың бауырындағы каверналы гемангиома. 
Тамырлардан өнетін шынайы қатерлі ісік – ангиосаркома; балаларда сиректеу 
байқалады. 
Лимфангиома
балаларда 
гемангиомадан 
сиректеу 
байқалады. 
Гипертрофиялы ангиомадағы лимфалық капиллярлардың эндотелийі көбейіп
каверналы қуыстар түзеді. Ол қуыстардың қабырғасы лимфоидтық 
жасушалармен қоршалады. Каверналы лимфангиома кейде 
макрохейлия
мен 
макроглоссияға
ұшыратады. Мойында көлемі баланың басындай тума алып 
гемангиомалар да болады (
hydroma cysticum colli congenitum
). Ол мойындағы 
мүшелерге жайылып, баланы тұншықтырады, инфекция түссе, іріңдейді. Оны 
алып тастау мүмкін емес. Бұл ісік эндотелиймен астарланған қуыстардан 
құрылады, олардың арасында шамалы жасушалар араласқан мезенхималық 
жұмсақ тін болады. Ісіктің құрамындағы эндотелий мен капиллярлар көбейіп, 
тығыз жолақтар түзеді. Осы жолақтар ісіктің төңірегіне жайылады. Балаларда 
лимфангиосаркома
сирек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   753   754   755   756   757   758   759   760   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет