Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет753/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   749   750   751   752   753   754   755   756   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
594
мен гистиоциттер, эозинофилдер және псевдоцисталар шашырай немесе 
шектеле жайғасады. Бауырда холестаз да көрініс береді. Токсоплазмоздың 
жалпы 
(висцералдық) 
нысанымен 
сырқаттардың 
кейбіреуінің 
миы 
зақымдалмайды. 
Жүре болған токсоплазмозбен
сырқаттардың организмінде токсоплазманың 
кірген жері зақымдалмайды. Паразит лимфагендік жолмен жайылса, аурудың 
жеңілдеу нысаны дамып, көбіне шүйде мен мойындағы лимфалық түйіндер 
зақымдалады. Егер ол гематогендік жолмен жайылса
ауыр әсерлі жалпы
немесе летентті нысаны дамиды. Жалпы токсоплазмозбен сырқаттардың миы 
мен ішкі мүшелері зақымдалып, денесі бөртеді. Паразит құрсақтағы шаранаға 
көбіне 
латентті нысанымен
сырқаттардан жұғады, сондықтан аурудың бұл 
нысанының жұғу көзі ретіндегі маңызы зор. 
Лимфалық түйіндердің
биоптаттарынан диффузды гиперплазия байқалып, 
гистиоциттер мен плазмациттерден және бірен-саран эозинофилдер мен 
көпядролы алып макрофагтардан гранулемалар қалыптасады; некрозды ошақ аз 
болады. Диагноз қою үшін лимфалық түйіндерден токсоплазма табылуы шарт. 
Ішкі мүшелер
мен 
мида
кариорексисті ұсақ некроз ошақтары
пролиферациялы васкулит, интерстицийлік пневмония орын алады. 
Менингэнцефалит еш уақытта тума токсоплазмоздағыдай ауыр әсерлі 
болмайды. Жаңа зақымдалған жерлерде псевдоцистаға айналған бұлшықет
бауыр және жүйке жасушалары мен басқа да жасушалар, жалаң паразиттер 
болады. Аурудың латентті нысанында тіндерде паразитке қарсы жауап 
өрістемейді, мүшелерден тек қана цисталар табылады. 
Асқыну зардаптары
. Тума токсоплазмоз ми мен көзді зақымдайды, 
сондықтан науқас қатты жүдеп, сал ауруына ұшырайды, ой-өрісі кеміс болып, 
көзі көрмей қалады. Басқа инфекция қосылса, іріңді менингэнцефалит пен 
пиоцефалия дамиды. 
Науқас, әдетте миындағы зақым меңдегендіктен өледі. Жүре болған 
токсоплазмоздың жалпы нысаны да кейде өлімге ұшыратады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   749   750   751   752   753   754   755   756   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет