Нуржігіт Алтынбеков
600
Тератомалар мен тератобластомалар
Организмоидтық
және
органоидтық
тератомалар
– экспансиялы өсетін
ісіктер. Олар көбінесе ұрықтық жапырақшаның үшеуінен де өніп, әртүрлі
тіндерден құрылып, үлкен болады. Құрамындағы тіндердің арасынан
экстраэмбриондық тіндер (трофобластылық элементтер) де ұшырасуы мүмкін.
Тератомалардың
өздеріне тән, белгілі бір дамитын орны болады: аналық
бездер мен ен, сегізкөз-құйымшақ аймағы,
көкірек қуысы, құрсақ пердесінің
сырты, ми сауытының астыңғы жағы. Ересектер тератомасының көбі жыныстық
бездер мен
көкірек қуысында қалыптасса, балалар тератомасының ең жиі
дамитын жері – сегізкөз-құйымшақ аймағы.
Сегізкөз-құйымшақ тератомасы
, әдетте
нәресте туысымен анықталады, ол
құрсақтағы шаранада да байқалып, көбінесе қыздарда кездеседі. Бұл жерде
дамитын
тератомалардың көбі қатерсіз, организмоидтық. Олардың кейбіреуі өте
үлкен, кедергі болып, туу кезеңін қиындатады.
Тератома кейде кіші жамбас
қуысын түгел жайлайды, бірақ жамбас сүйегін зақымдамайды. Ісік әртүрлі
мүше тәрізді құрылымдардан, әрқилы тіндерден (мысалы, ішектің бөлімі, бауыр
тіні, қол мен аяқтың жетілмеген рудименті, т.б.; 332-сурет) құрылады.
Қатерлі
тератомалар
сирек кездеседі. Олардың құрамына толық жетілген тіндер де
кіреді, бірақ тығыз жайғасқан (солидті) немесе папиллалы (бүртікті) карцинома
тектес
құрылымдар
басымырақ
болады.
Бүртікті
құрылымдар
экстраэмбриондық
тіндерден
(
трофобластыдан
) өнеді.
Достарыңызбен бөлісу: