Нуржігіт Алтынбеков
75
амилоидоз микроскоппен ғана анықталады. Амилоидоз тым айқын дамыса,
мүше
ұлғайып, қатайып,
оңай сынады, кесіндісі балауыз немесе майлы реңді
болады.
Амилоид талақтың (көкбауырдың) фолликулдарын
ғана немесе пульпасын
толық қамтиды (35-сурет). Алғашқысында талақтың амилоид шөккен
фолликулдары ұлғайып, қатаяды, кесіндісіндегі фолликулдар саго дәніне ұқсап,
тіні көмескі реңді болады («саго талақ»). Пульпасын амилоид толық қамтыған
талақ та ұлғайып, қатаяды, кесіндісі қызғылт қоңыр,
майлы жылтыр реңді
(«майлы талақ»). Саго талақ майлы талақтың даму кезеңі.
35-сурет. Амилоидоз:
а — талақтың фолликулдарындағы амилоид («саго талақ»); б —бүйрек шумағы
тамырларындағы амилоид; в — жүрек
бұлшықеті арасындағы амилоид; г — өкпе тамырларының
қабырғасындағы амилоид.
Достарыңызбен бөлісу: