Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет78/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
76
Кәрілік амилоидозы дамыса, амилоид 
мидың
қыртысты қабатында түзілген 
сенильдік (кәрілік) түйнектерде, қан тамырлары мен ми қабықшаларына 
шоғырланады. 
Терінің
амилоидозы кезінде амилоид терінің бүртікті және ретикулалық 
қабаттарын, қан тамырлардың қабырғасын диффузды жайлап, май мен тер 
бездерінің төңірегіне шөгеді; эластикалық талшықтар ыдырап, эпидермис күрт 
семеді. 
Ұйқы безі
амилоидозының өзіндік ерекшелігі бар. Ол өте қартайғандарда 
дамып, бездің артерияларымен қатар, ұяшықтарын да зақымдайды. 
Қалқанша без
амилоидозының да өзіндік ерекшелігі бар. Амилоидтық 
шөгінділер бездің стромасы мен қан тамырларында жалпы амилоидоздан ғана 
емес, бездің медуллалы рагынан да (қалқанша бездің стромасында амилоидоз 
дамыған медуллалы рагы) қалыптасады. Стромалық амилоидоз эндокриндік 
мүшелер мен АРUD-жүйенің ісіктерінде (қалқанша бездің медуллалық рагы
инсулома, карциноид, феохромоцитома, каротидтік денешіктердің ісіктері
гипофиздің хромофобты аденомасы, гипернефроидтық рак) кездеседі. АРUD-
амилоидтың түзілуіне эпителийлік ісіктің жасушалары қатынасатыны 
дәйектелген жайт. 
Ақыры
қолайсыз. 
Амилоидоклазия
– жергілікті амилоидозда ғана байқалатын, 
сирек құбылыс. 
Функциялық маңызы
амилоидоздың даму дәрежесіне байланысты. Айқын 
бейнелі амилоидоздан паренхимасы семіп, мүшені склероз жайлап, бүйрек, 
бауыр, жүрек, өкпе бүйрекүсті безі, ішек (
сіңіру бұзылатын синдром

қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратуы мүмкін. 
С
ТРОМА
-
ТАМЫРЛЫҚ МАЙЛЫ ДИСТРОФИЯЛАР 
(
ЛИПИДОЗДАР

Строма-тамырлық майлы дистрофиялар нейтрал майлардың немесе 
холестерин мен оның эфирлерінің алмасуы бұзылғанда дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет