Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет778/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   774   775   776   777   778   779   780   781   ...   832
Байланысты:
струков патан

бауыр
мен 
талақта
да қалыптасады. Кейде бериллий терінің зақымдалған жерлері арқылы өтіп, шел 
майда түйіндер түзіледі. Ол түйіндердің орталығын некроз шарпып, 
туберкулезге ұқсастық байқалады.
345-сурет. Бериллиоз. Гранулемадағы конхоидылық денешіктер:
а —конхоидылық денешіктер шоғыры; 
б — көпядролы алып жасушадағы конхоидылық денешіктер.
 
КАРБОКОНИОЗДАР 
Карбокониоздардың
ең жиі түрлері — антракоз бен графитоз. Біз антракозға 
ғана тоқталамыз. 
А
НТРАКОЗ
 
Антракоз
— көмір шаңының ұзақ мерзімді әсерінен дамитын пневмокониоз. 
Көмір пигменті өкпеде склероз өрістетеді, оның даму дәрежесі көмірдің 
химиялық сипаты мен жердің көмір жатқан қыртысының құрамына байланысты 
болады. Мысалы, битумды көмірдің шаңынан гөрі антрацит шаңының әсерінен 
дамыған склероз айқындау болады. Ал ағаш көмірінің әсерінен склероз мүлде 
дамымайды. 
Бір қатар ғалымдардың пікірінше, көмір шаңы склероз дамыта алмайды; антракоз 
кезінде байқалатын склероз көмір кенінің құрамындағы кремний қос тотығының 
әсерінен 
туындап, 
соның 
мөлшеріне 
байланысты. 
Отандық 
ғалымдардың 


Нуржігіт Алтынбеков 
613
пайымдауынша, склероз көмір шаңының әсерінен де дамиды, бірақ ол кварц шаңының 
әсерінен дамыған склероздай айқын бейнелі емес. 
Әдетте, силикозға қарағанда, «таза» антракоз ұзақтау дамып, ағымы қатерсіз 
болады, өйткені көмір шаңын макрофагтар жақсы сіңіріп, бронхылар мен 
лимфалық кәріз арқылы үздіксіз шығарылып тұрады. Көмір шаңының 
құрамында кварц көп болса, склероз тым өрістеп, антракосиликоз, яғни 
силикоантракоз
деп аталатын аралас пневмокониоз дамиды. 
Патологиялық
анатомиясы
. Антракозбен ауырғанда склероз көмір шаңдары 
жиналған жерлерде, яғни альвеолааралық перделерде және бронхылар мен қан 
тамырларының айналасында өрістейді. Шаң кониофагтарда (346-сурет) және 
олардың сыртында жайғасады. Жаңа дәнекер тін өсіп, кониофагтар 
шоғырланған жерлер 
антракоздық
ошақтар
деп аталады. Антракоздық 
ошақтар біріксе, 
антракоздық
ірі 
түйіндер
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   774   775   776   777   778   779   780   781   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет