Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет788/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   784   785   786   787   788   789   790   791   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
620
етсе, теріде кейде қоңыр дақтар (гиперпигментация), ал жақыннан шарпыса, 
ақтаңдақтар – депигментация байқалады. 
Өкпеде
қанды және некрозды ошақтар 
пайда болып, аутоинфекциялық үдерістер өрістеп, 
алейкоциттік пневмония
дамиды. Альвеолаларына ұйымалы-фибринді-қанды экссудат жиналып, өте 
ауқымды некроз ошақтары қалыптасады, микробтар шоғыры (микробизм) 
байқалғанмен, лейкоцитті жауап туындамайды. Ішкі секреция бездерінен 
жыныстық
бездер
мен 
гипофиз
ауыр зақымдалады. Еннің герменативтік 
эпителийі, аналық бездің жыныстық жасушалары бүлінеді. Сперматогенез 
тежеліп, регенерациялық үдерістер қалпынан тайғандықтан, аталық бездерде 
алып жасушалар қалыптасады; ер адамдар көп жылдар бойы бедеу болады. 
Гипофиздің алдыңғы бөлімінде кастрат–жасушалар түзіледі. Бұл ұсақ 
көпіршікті базофилді жасушалар гипофиздің гонадотроптық жасушаларының 
бір нысанына қатысты сияқты. Кастрат–жасуша иондағыш сәуленің жыныстық 
бездерге әсерінен дамуы әбден мүмкін. 
Өлімнің себептері
. Өте жоғары мөлшерлі әсерден шок дамиды, гемопоэз 
тежеліп, қан азаяды, ерекше маңызды мүшелерге қан құйылып, қосымша 
инфекция жанданады. 
Сәулелік созылмалы ауру
жедел сәулелік аурудан немесе сәуленің аз мөлшері 
қайталана әсер еткендіктен, қан жасайтын мүшелер толық қалпына келе 
алмайтын болып, организмде тұрақты өзгерістер қалыптасқан жағдайда дамуы 
мүмкін. 
Қан жасайтын жүйе қаншалықты зақымдалғанына қарай, созылмалы сәулелік 
ауру да түрлі дәрежелі болады. 
Патологиялық
анатомиясы
. Сәулелік созылмалы аурудың бейнесі алуан 
түрлі. Кейде сүйек кемігінде регенерациялық үдерістер тежеліп, иммунитет 
әлсірегендіктен, 
аплазиялық анемия
мен 
лейкопения
дамып, геморрагиялық 
синдром мен қосымша инфекциялар байқалады. Енді бірде, 
лейкоз
дамиды. 
Өйткені, қан жасайтын мүшелерде регенерациялық үдерістің сапасы өзгеріп, 
жетілмеген жасушалар көбейіп, олар мүлде жетілмейтін болады. Сәулелік 
созылмалы ауру
ісікке
ұласуы да мүмкін. 
Мысалы, рентген сәулесінің ұзақ мерзімді әсерінен теріде карцинома 
қалыптасады. Стронцийдің радиоизотопы тек қана сүйектерге жиналып, ұзақ 
уақыт сақталып, кейде 
остеосаркома
дамитыны ғылыми тәжрибе арқылы 
дәлелденген. Гамма-сәулемен бір-ақ рет әсер етілген жануарлардың түрлі 
мүшелерінде, кейде 10–12 айдан соң әртүрлі ісіктер дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   784   785   786   787   788   789   790   791   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет