Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет785/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   781   782   783   784   785   786   787   788   ...   832
Байланысты:
струков патан

ұзақ 
мерзімді 
әсері өнеркәсіптің түрлі саласында жиі байқалып, жүйке, жүрек-
тамыр жүйелерін, жыныстық бездердің жұмысын бұзады. Айқын бейнелі 
морфологиялық өзгерістер жүйке жүйесінде дамиды, әсіресе оның нәзік 
құрылымдары — синапстар және тері мен ішкі мүшелердің рецепторлық 
аймақтарындағы жүйкелік сезімтал талшықтар ауыр зақымдалады. Мидың 
гипоталамустық аймағы да біраз зақымдалып, оның нейрондарында
нейросекрет түзілу үдерісі бұзылып, артериялық қысым тұрақты төмендейді. 
Миокардтың бұлшықет талшықтарында ұсақ тамшылы дистрофия байқалады. 
Шауһет жолының герменативтік эпителийін дистрофия мен некроз шарпиды. 
Басқа ішкі мүшелер аз өзгереді. Радиотолқындардың барлық диапазондарының 
әсерінен өрістейтін морфологиялық өзгерістердің негізгі бейнесі біртекті. 
Дегенмен, радиожиіліктегі ЭМТ неғұрлым ұзын болса, патологиялық үдерістің 
бейнесі де соғұрлым солғындау. 
ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕЛЕРДІҢ ӘСЕРІНЕН ДАМИТЫН АУРУЛАР 
(СӘУЛЕЛІК АУРУ) 
Қазір 
иондағыш сәулелер
кең қолданыс тауып, оларды бөлетін көздермен 
жұмыс атқаратындардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Иондағыш 
сәулелердің көзіне атом реакторлары, теңіз және сүңгуір қайықтың 
қозғалтқыштары, медицина мекемелеріндегі рентгендік және γ-қондырғылар, 
өндіріс пен ауыл шаруашылығында, ғылыми-зерттеу институттары мен 
медицинада қолданатын радиоактивті изотоптар жатады. Адам ғарышта да
радиацияның әсеріне ұшырайды. Егер организмге иондағыш сәуле әсер етсе, 
сәулелік
ауру
деп аталатын клиникалық синдром дамуы мүмкін. 
Иондағыш сәулелердің биологиялық әсерінің айқындық дәрежесі: а) сәуленің 
өту қабілетіне; б) иондау тығыздығына байланысты. Иондау тығыздығы деп – 


Нуржігіт Алтынбеков 
618
иондағыш сәуленің бір өлшемдік бөлігі өткен кезде түзілген иондар саны 
аталады. Бұл қасиеттер сәулелердің әрқайсысында әртүрлі: γ-сәулелер мен 
рентген сәулесі және нейтрондар тереңге өтсе, α- және β сәулелердің өту 
қабілеті өте төмен, бірақ иондау тығыздығы жоғары болады. Әсіресе, ғарыштық 
сәулелердің (ауыр бөлшектердің) өту қабілеті өте жоғары. Иондағыш 
радиацияның биологиялық әсері сыртқы ортадағы сәуле көздерінің әсерінен (γ-
сәулелер, рентген сәулесі, нейтрондар, космостық сәулелер) немесе организмге 
өткен радиоактивті заттардың ішкі ортаны сәулелендіруінен туындауы мүмкін. 
Ал ішкі ортадағы иондағыш сәуленің биологиялық әсерінің айқындық 
дәрежесі:1) радиоактивті заттың организмге қаншалықты тарағанына; 2) оның 
сыртқа шығарылу жолы мен жылдамдығына; 3) радиоактивті ыдырау мерзіміне 
тәуелді; 
Иондағыш сәуленің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   781   782   783   784   785   786   787   788   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет