Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет790/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   786   787   788   789   790   791   792   793   ...   832
Тістің қатты тіндерінің аурулары 
Бұл топқа жататын аурулардың ең маңыздылары:
 
кариес пен тістің 
бейкариестік зақымдары

КАРИЕС 
Тістің кариесі (тіс жегісі)
– патологиялық үдеріс; тістің құрамындағы 
минералдар азайып (деминерализация), тіні өршімелі зақымдалып, қуысты ақау 
қалыптасады. Ол – тіс зақымдарының ең жиі нысаны; жер шары 
тұрғындарының 90%-дайын қамтиды. Кариес адам қай жаста болсын дами 
береді. Дегенмен, балалар мен жасөспірімдерде жиірек байқалып, ерлер мен 
әйелдерде бірдей кездеседі.Үстіңгі тістер астыңғы тістерге қарағанда жиірек 
зақымдалады. Астыңғы жақсүйектегі тістерде қанайналымы жақсырақ және 
олар тағам қалдықтарынан жақсы тазарады, сондықтан үстіңгі тістер кариестің 
дамуына қолайлы. Кариес көбіне ас шайнағанда күш ең көп түсетін бірінші 
үлкен азу тістер – молярларды (латынша: 
molares
– диірмен тасы) зақымдайды; 
екінші орынды екінші азу тістер (молярлар), үшінші орынды кіші азу тістер 
(премолярлар) мен үстіңгі күрек тістер, төртінші орынды ит тістер алады. 
Астыңғы жақсүйектегі тістердің алдынғы (фронтал) қатарын кариес сирек 
шалады. Кариес, әдетте үлкен азу тістердің ас шайнайтын беті мен кіреукелік 
қатпарларынан – фиссураларынан (
фиссуралық
кариес
), яғни кіреукесі жұқа әрі 
нашар минералданған жерлерінен немесе олардың апроксимал (түйіскен) 
бетінен басталады. Тістің сыртқы беті сиректеу, ал ішкі беті өте сирек 
зақымдалады. Кариес тістің мойын бөлігі (
мойындық
кариес
) мен цементін де 
(
цементтік
кариес
) сиректеу шарпиды. 
Этиологиясы
мен патогенезі
. Кариестің ссебептері әлі де толық 
анықталмаған. Оның туындауы мен даму себептерін локалистік тұрғыдан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   786   787   788   789   790   791   792   793   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет