Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет793/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   789   790   791   792   793   794   795   796   ...   832
348-сурет. Орташа кариес.
Дентиннің кіреукесі мен жолақтары бұзылып, дентиндік өзекшелерге микробтар 
өткен. 
Тісте 
кариестік терең қуыс
қалыптасады. Кариестік ошақтың сұлбасы конус 
тәрізді: ұшы тістің түбіне, табаны – үстіңгі жағына бағытталған. Кариестік 
қуыстың түбін шектеген аймақта үш өңір болады. 
Біріншісі
– 
жұмсақ дентин 
өңірі
: дентин толық бұзылып, жұмсарады, кальций толық жойылып, микроб көп 
болады. 
Екіншісі
– 
мөлдір дентинді өңір
: дентині ізбесті, өзекшелері тар, тіні 
біртекті болғандықтан, төңірегіндегі зақымдалмаған дентинге қарағанда
мөлдірлеу. Ал, 
үшінші өңір
– 
жаңа қалыптасып, ретсіз жайғасқан 
(иррегулярлық, салдарлық) дентин
өңірі. Бұл дентинді одонтобластылар түзеді; 
жайғасуы ретсіз. Жаңа түзілген дентинді кариес үдерісін тежеуге бағытталған 
компенсациялық жауап, яғни репарациялық регенерация деп бағамдаған жөн 
(Абрикосов А.И. 1914). 
Терең кариес
– тым өршіген кариес. Бұл кезеңде дентин жұмсарып, каверна 
(қуыс) пайда болады (349-сурет). Кариестік қуыс пен тіс пульпасының 
арасында жұқа ғана жолақ қалыптасып, қуыстың түбін сол құрайды. Бұл жолақ 
зақымдалып, түбі тесілсе (пенетрация), қуыс тістің пульпасын да қамтиды.


Нуржігіт Алтынбеков 
625
349-сурет. Терең кариес. 
Дентин жұмсарып, каверна қалыптасқан. 
Кариес шалған тісті микрорентгенграфиялық тәсілмен зерттегенде, бұл 
аурудың барлық кезеңінде кіреуке мен дентиннің әр жері минералынан 
айырылып, енді бір жерлері қайта минералданғаны байқалады. Минералдардың 
көбі кіреукеге сілекейден келеді. Тістің зақымдалмаған жеріне жақындаған 
сайын, тінінде минералдар көбейе түседі. Терең кариес кезінде дентиннің тіс 
қуысымен шектес жерлерінде минерал көп болады, ал басқа жерлерде минерал 
аз, сондықтан ол жерлердегі дентиннің сұлбасы да көмескі. Кариестің даму 
барысында тістің зақымдалмаған қатты тіндерінде кальций азаяды, кіреуке мен 
дентиннің тұрақтылығы кеміп, тістегі фосфатазаның әсері төмендейді. Сол 
себепті фосфатазаның әсерінен тіске тұнатын кальций фосфаттары азайып, 
кариес өрши түседі.
Кариестің жоғарыда сипатталған морфологиялық түрлерімен қатар, дамуы мен ағымы 
өзгеше, көбіне балаларда немесе кальций алмасуы бұзылып, дұрыс қалыптаспаған 
тістерде байқалатын варианттары да бар. Ол варианттар мыналар: 1) 
қоршама
(циркулярлық) 
кариес
тістің мойын тұсынан басталып, сақиналай қоршап алады; тез 
өршіп, мөлдір дентинді өңір түзбей, тістің тіндері қатты зақымдалады; 2) 
ерте кезеңдік, 
яғни
кіреукеастылық кариес
кіреукенің астынан өрбиді; 3) 
бүйірлік кариес
тістің 
бүйірінен басталып, қоршама кариес тәрізді дамиды, бірақ баяу өрістейді; 4) 
стационарлық
кариес
кіреукені ғана зақымдайды, одан әрі өрістемейді; көбіне бірінші 
молярларда байқалады; 5) 
ретроградтық
(керіағар) 
кариес
тістің ұлпасы жағынан 
басталып, алдымен дентинді зақымдап, кейін үстіне қарай өрістеп, кіреукені де 
қамтиды. Оның микробейнесі әдеттегі кариестегідей, бірақ сұлбасы теріс бейнелі 
(Абрикосов А.И,.1914), гетерогенді немесе тістің жарақатынан, аномалияларынан 
дамыған іріңді пульпиттен туындап, балалармен ересектерде де байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   789   790   791   792   793   794   795   796   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет