Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет795/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   791   792   793   794   795   796   797   798   ...   832
350-сурет. Флюороз. 
Тістің үстіңгі бетіндегі дақтар (А.А. Жаворонковтан)

Тістің эрозиясы
– үстіңгі жақсүйектегі алдымен күрек тістердің, кейін ит тістер мен 
кіші азу тістердің сыртқы бетіндегі кіреуке мен дентин тез кеміп, тостаған пішінді ақау 
пайда болады. Көбінесе орта жастағыларда байқалады. Себебі әлі белгісіз. Ұзақ дамып, 
біртіндеп зақымдалмаған тістерге де өрістейді. Ақаулы жерлері қатты ауырады. 
Тістің қатты тіндерінің қышқылдық некрозы
– кәсіптік ауру; көбіне 
бейорганикалық қышқыл өндіретін кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдарда 
байқалады. Болжам бойынша, қышқылдардың әсерінен сілекейдің рН-ы төмендеп, ауыз 
сұйықтығының буферлік жүйесінің әрекеті мен сілекейдің тісті қайта минералдандыру 
қасиеті кемиді. Сондықтан тістің қатты құрылымдары тез тозып, қажалады. 
Үдеріс тістің көбін зақымдап, баяу дамиды. Негізінен тістің сауыты зақымдалады, 
пульпасы бүлінбейді, өйткені оны шектейтін, жаңа дентин қалыптасады. 
Тістің пульпасы мен периапикалдық тіндердің аурулары 
Пульпа (
тістің ұлпасы
)
тісті кенеулі заттармен үнемі қамтамасыз етіп 
тұрады, кейде әртүрлі жергілікті және жалпы әсерден алуан түрлі өзгеріске 
ұшырайды. Пульпада реактивтік (салдарлық) өзгерістермен қатар, ерекше 
маңызды қабыну үдерісі, яғни пульпит дамиды. 
ПУЛЬПАНЫҢ САЛДАРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ 
Әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пульпада қан- және 
лимфаайналымы бұзылады, атрофия, дистрофия, некроз, кальциноз өрістеп
дентиклилер мен кисталар да қалыптасады. 
Қан- және лимфаайналымы
жергілікті және жалпы себептерден бұзылады. 
Пульпада қаназдық пен толыққандылық та, тромбоз бен эмболия да, сулы ісіну 
мен қан кету үдерістері де байқалады. Қан кетсе, кейде пульпит дамиды. 
Атрофия пульпаның
жасушаларынан басталады. Алдымен одонтобластылар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   791   792   793   794   795   796   797   798   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет