Нуржігіт Алтынбеков
626
0,7–1,2 мг|л). Флюорозбен сырқаттардың тісінде кіреуке дұрыс қалыптаспайды
және ізбестенбей қалады.
Флюороздың 4 даму дәрежесі бар:
I дәрежелі
флюороз кезінде тіс өте жеңіл
зақымдалады. Тістің сыртқы және ішкі бетінде фосфор немесе бор тәрізді, бірлі-
жарым әрең көрінетін дақтар мен жолақтар пайда болады. Үдеріс тістің бүкіл
бетінің 1/3-нен аспайды.
II дәрежелі
флюороз жеңіл зақымды; фтор және бор
тәрізді дақтар мен жолақтар тіс сауыты бетінің жартысына жуығын жайлайды.
Кейде
пигментті дақтар да ұшырасып, олар кіреукемен шектеліп, дентинге
жайылмайды.
III дәрежелі
флюороз тісті орташа мөлшерде зақымдайды:
дақтар бірігіп, тістің бетінің жартысынан артығын қамтиды (350-сурет). Бұл
дақтар қоңырқай сары немесе қоңыр түсті. Кіреукемен қоса, дентин де бүлінеді.
IV дәрежелі
флюороз ауыр зақымды. Кіреукеде
бірлі-жарым немесе көптеген,
түссіз немесе қоңырқай жасыл, тіпті қара түсті пигментті, пішіні әртүрлі
эрозиялар пайда болады. III, IV дәрежелі
флюороз кезінде тіс дұрыс
минералданбай, сынғыш келеді және тез қажалып, оңай зақымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: