Нуржігіт Алтынбеков 634
іріңдіктер сепсистің көзіне айналып, септикопиемия дамуы да мүмкін
(«
Сепсисті » қара).
ПАРОДОНТОЗ Пародонтоз – созылмалы пардонттық ауру; әдетте дистрофиялық үдерістен
басталады. Оның үлесіне пародонттық аурулардың 4-5%-ы тиеді. Көбінесе
тістің қатты тіндерінің бейкариестік зақымдарымен (кіреукенің эрозиясы,
сынатәрізді ақау) бірге дамиды.
Пародонтоздың
себебі әлі белгісіз. Ол да пародонтитті туындататын
аурулармен сабақтас.
Гингивит пен пародонтит дамымай тұрып, пародонтозға ұшыраған қызылиек
бүрісіп (
ретракция ), алдымен тістің
мойны , кейін
түбірі де
ашылып ,
жалаңаш қалады. Көбіне күрек тістер мен ит тістер зақымдалады. Альвеолалық сүйек
баяу жаңғырып, сүйек табақшалары қалыңдап, остеондардың аралық жігі
айшықтала түседі, кей жерлері қалыңдап (эбурнация), енді бір жерлері жұқарып
(остеопороз), сүйектің жалпы құрылымы қалпынан таяды; тегіс резорбция
басым болады.
Микроциркуляциялық арна да зақымдалып, ұсақ қан
тамырларының қабырғасын склероз бен гиалиноз шарпып, саңылауы тарылып
немесе мүлдем бітеледі; капиллярлар жүйесі кері дамып, кемиді. Дәнекер тінде
дистрофия байқалады.
ИДИОПАТИЯЛЫҚ ӨРШІМЕЛІ ПАРОДОНТОЛИЗ Идиопатиялық өршімелі пародонтолиз – себебі белгісіз ауру; пародонт
үздіксіз әрі өршімелі сипатта ыдырап зақымдалады. Көбінесе балалар,
жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады; оларда нейтропения мен Папийон-
Лефевр синдромы және инсулинтәуелсіз диабет қосарланып дамиды.
Қызылиектік және пародонттық қалташалар тез қалыптасып, альвеолалық
пиорея дамып, тістер босап, 2-3 жылдан аспай түсіп қалады.
ПАРОДОНТОМАЛАР Пародонтомалар деп пародонтта дамитын ісіктер мен ісіктәрізді аурулар
тобы аталады. Бұл топ шынайы ісіктер мен ісіктәрізді ауруларды қамтиды.