Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет806/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   832
Байланысты:
струков патан

355-сурет. Пародонтит. 
Көпқабатты жайпақ эпителиймен астарланған патологиялық пародонттық қалташа; 
пародонттың қабынулық жасушалары жайлаған тіні 
Пародонттық қалташаға біртекті өлексе мен микробтар, тағам қалдықтары 
мен өлі лейкоциттер жиналады. Үдеріс өршісе, қалташа тереңдей түседі; оның 
тереңдігі пародонтиттің даму дәрежесіне сәйкес болады. Қалташаның сыртқы 
қабырғасы мен түбі грануляциялық тіннен қалыптасып, көпқабатты жайпақ 
эпителийлі жолақтар оның үстін жауып, қалың қабатын да жайлап кетеді (355-
суретті қара). Эпителий тіпті тіс түбірінің ұшына дейін жайлайды. 
Грануляциялық тінде нейтрофилдер мен плазмациттер, макрофагтар мен 
лимфоциттер көп. Ауру қайталанған сайын ірің жиналады (
альвеолалық
пиорея
). Біраздан кейін жақсүйегінің альвеолалық өскіндерінде рентгендік 
бейнесі айқын остеопороз дамиды.
Жақсүйегін рентгендік әдіспен зерттеу нәтижесінде тіс ұясының ыдырап 
кемуінің
4 дәрежесі
анықталған. 
Оның І дәрежесінде тіс ұясының қыры тіс түбірі ұзындығының 1\4-не ғана 
аласарса, ІІ дәрежесінде – тіс ұясының қыры тіс түбірінің ортасына дейін 
кемиді, ІІІ дәрежесінде – тіс ұясының қыры тіс түбірінің ұзындығының 2/3-сіне 
сәйкес болады, ал ІV дәрежелі пародонтит кезінде тіс ұясының сүйегі толық 
ыдырап бітеді де, тіс түбірінің ұшы пародонттың жұмсақ тіндерінде жайғасады. 
Тіс өзін бекітіп тұратын құрылымдарынан айрылып, біртіндеп қалыпты 
орнынан ығысып, түсіп қалады. 
Пародонтиттен тістің цементі де ыдырап кемиді, цементте және цемент пен 
дентиннің арасында ойыстар қалыптасады. Сонымен қатар, жаңа цемент 
(гиперцементоз) түзіліп, жаңа сүйек те өседі. Тістің ұлпасында салдарлық 
үдерістер (дистрофия, атрофия) өрістейді. 
Асқыну зардаптары
. Пародонтиттен тістер босап, түсіп қалады. 
Альвеолалық өскіні семген тістің орнына жасанды тіс қою қиын. Пародонттағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет