Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


ІСІКТЕР  Жақсүйегінің ісіктері бейодонтогендік және одонтогендік топқа жіктеледі.  Б



Pdf көрінісі
бет815/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   811   812   813   814   815   816   817   818   ...   832
ІСІКТЕР 
Жақсүйегінің ісіктері бейодонтогендік және одонтогендік топқа жіктеледі. 
Б
ЕЙОДОНТОГЕНДІК ІСІКТЕР
 
Жақсүйегінде бізге белгілі қатерлі және қатерсіз ісіктердің бәрі де дамиды. 
Сүйектің ішінде дамитын ісіктерден стоматологиялық практикада жиі кездесіп, 
ерекше көңіл аударуға тұрарлығы – 
алып жасушалы ісік
деп аталатыны, яғни 
остеобластокластома
. Оның үлесіне жақсүйектерінде дамитын ісіктердің 
30%-ы тиеді. Көбіне 11–30 жастағыларда дамып, әйелдерде жиірек байқалады. 
Әдетте, 
астыңғы 
жақсүйектің 
премолярлық 
тұсы 
зақымдалады. 
Остеобластокластома көп жылдар бойы сүйектің сыртына шықпай өсіп, 
біртіндеп сүйектің біраз жерін жайлап, беттің сиқын бұзады. Ісіктің өзінде 
сүйек тіні азайғанымен, шет жағында үнемі жаңа сүйек түзіліп отырады. 
Ақырында ісік айқын шектелген, қатты түйінге айналады. Тінінде қызыл
қоңыр, ақ түсті аймақтар мен ірілі-ұсақты кисталар болады. 
Остеобластокластоманың 
өзіндік 
гистологиялық
құрылысы
бар: 
паренхимасы біртекті жалғызядролы ұсақ жасушалардан құралады. Олардың 
арасында кейде көпядролы алып жасушалар болады (357, 358-суреттер). 
Капиллярлардың сыртына эритроциттер мен гемосидерин түйіршіктері 
жиналып, ісікті қоңыр түске бояйды. Кей жерлердегі жалғызядролы ұсақ 
жасушалардың арасында сүйек табақшалары қалыптасады, оларды көпядролы 
жасушалар 
сіңіріп, 
үнемі 
ыдыратып 
отырады. 
Сонымен, 
ісіктің 
паренхимасында сүйек түзу үдерісіне қатысты жасушалар: остеокласттәрізді 
остеобластылар мен көпядролы жасушалар – ұсақ жасушалар болады (Русаков 
А.В., 1959). Остеобластокластома қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
357-сурет. Алып жасушалы ісік. 
Көпядролы 
остеокластылар мен остеобластылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   811   812   813   814   815   816   817   818   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет