Нуржігіт Алтынбеков
640
ісіктің 50%-ы жақсүйегінде қалыптасып (138-суретті қара), тез өсіп,
оны ауыр
зақымдайды. Кейде бүкіл организмге жайылады.
О
ДОНТОГЕНДІК ІСІКТЕР
Бұл ісіктердің гистогенезі тісті түзетін тіндермен байланысты,
сондықтан
олар
эктодермадан қалыптасатын эмальдық органнан
және
мезенхимадан
туындайтын тіс үрпісінен
өрістейді. Тістің кіреукесі эмальдық органнан, ал
одонтобластылар мен дентин, цемент пен тістің пульпасы тіс үрпісінен өнетіні
белгілі. Одонтогендік ісіктер сирек кездеседі, бірақ құрамы алуан түрлі болып,
жақсүйегінің ішінде өседі. Көбіне қатерсіз болса да, өсе келе сүйекті бұзып,
сиқын кетіреді. Кейде ісік ауыз қуысына жайылып, жақсүйегі өздігінен сынып
кетуі мүмкін. Одонтогендік ісіктер даму тегіне қарай, одонтогендік эпителийдің
ісіктері, одонтогендік мезенхиманың ісіктері және аралас текті ісіктер деп
3
топқа
бөлінеді.
Гистогенезі одонтогендік эпителиймен байланысты ісіктер
. Бұл топқа
амелобластома мен аденоматоидтық ісік және одонтогендік карцинома жатады.
Амелобластома
– деструкциялы өсетін қатерсіз ісік; одонтогендік ісіктердің
ең жиісі. Әдетте, бірнеше ошақ түзіп,
тінді бұзады; оның 80%-дан астамы
астыңғы жақсүйектің бұрышы мен оның денесіндегі үлкен азу тістер тұсында,
10%-дайы күрек тістердің төңірегінде өседі. Ісіктің көбі 40-50 жастағыларда
дамиды, кейде балалар мен жастарда да байқалады. Ол – баяу, бірнеше жылдар
бойы өсетін ісік. Даму жиілігі ерлер мен әйелдерде бірдей.
Амелобластоманың екі
Достарыңызбен бөлісу: