Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет813/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
638
Фолликулдық киста
тіс жармаған эмальдық органнан туындайды (
шықпаған 
тістің кистасы
). Ол көбіне екінші премолярға, үшінші премолярға, ит тіске 
қатысты болып, жақсүйектің альвеолалық жиегінде қалыптасады. Қабырғасы 
көпқабатты жалпақ эпителиймен, кейде оның жұқарған нысанымен астарланып, 
жұқа болады. Кейбіреуінде жалқаяқ түзетін жасушалар байқалады. Эпителий 
кератин түзуі де мүмкін. Кистаның ішінде толық немесе шала жетілген, бір 
немесе бірнеше тіс болады. 
Радикулалық киста
– одонтогендік кисталардың ең жиі нысаны (жақсүйегі 
кисталарының 80-90%). Ол созылмалы периодонтиттен қалыптасқан күрделі 
гранулемадан туындап, кез келген тістің түбірінде қалыптаса береді (
түбір 
тұсындағы киста
). Үстіңгі жақсүйек астыңғы жақсүйектен 2 есе жиі 
зақымдалады. Кистаның диаметрі 0,5-3 см-дей. Іші қасаңданбайтын көпқабатты 
жайпақ эпителиймен астарланады. Қабырғасы фиброздық тінмен шектеліп, 
онда лимфоциттер мен плазмациттер шоғырланады. Қабыну үдерісі асқынса, 
эпителий көбейіп, басқа кисталарда кездеспейтін тор тәрізді өсінділер түзіледі, 
лейкоциттер көп болады. Эпителий жойылса, кистаның ішін грануляциялық тін 
жайлайды. Кейде кистаның іші грануляциялық тінге толады. Кистаның көбі 
іріңдеп кетеді. Біразының қабырғасына холестерин кристалдары мен 
ксантомдық жасушалар шоғырланады. Балалардағы кистаның бірсыпырасының 
сыртқы бөлігінің әр жерінде жаңа сүйек түзіледі. Киста үстіңгі жақсүйектегі 
қуыспен (Гаймор қуысы) тұстас жайғасса, кейде оны ығыстырып, енді бірде 
оның ішін ала өседі. Қабынса, 
одонтогендік гайморит
дамуы да мүмкін. Ірі 
кисталар жақсүйегін бұзып, қыртыстық қабатын жұқартады. Дизонтогенездік 
негізде қалыптасқан одонтогендік киста кейде 
одонтогендік
ісікке
ұласып, 
карцинома да дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет