Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет814/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   810   811   812   813   814   815   816   817   ...   832
ІСІКТӘРІЗДІ АУРУЛАР 
Жақсүйегінің ісіктәрізді ауруларына
фиброзды дисплазия, херувизм және 
эозинофилді гранулема жатады. 
Жақсүйегінің
 
фиброзды
 
дисплазиясы
қатерсіз ісіктәрізді құрылым
жасушалар мен талшықты тін көбейгенмен, дәйектейтін қабық қалыптаспай, 
бұрынғы сүйек бұзылып, жаңа сүйек түзіліп, бет әлпетінің сиқы өзгереді; 244-
суретті қара («
Сүйек- бұлшықет жүйесінің ауруларын
» қара). 
Херувизм
– жақсүйегінде дамитын кисталы аурулардың кейбір отбасына тән 
нысаны; сүйек табақшаларының арасын дәнекер тін жайлап, құрамында 
жасушалар мен қан тамырлары көп болады. Қан тамырларының төңірегіне 
ацидофилді зат пен көпядролы алып жасушалар шоғырланады. Сүйек 
табақшалары лакунарлы ыдырайды. Дәнекер тін мен қарапайым сүйек 
табақшалары көбейіп, остеоидтық тінмен қоршалады; кейін қарапайым сүйек 
табақшалары біртіндеп жетіледі. Ауру балғын балалық шақта басталып, 
астыңғы жақсүйектің бұрыштары мен бұтақтары қатпарланып, бұдырланады, 
кейде үстіңгі жақсүйектің екі бүйірі де зақымдалады. Науқас біртіндеп дөңгелек 
жүзді болып, кескіні херувизмнің (періште) келбетіне ұқсайды; ауру сол себепті 
«херувизм» деп аталған. 


Нуржігіт Алтынбеков 
639
Бір ерекшелігі – бала 12 жасқа толар шақта үдеріс тоқтап, жақсүйегі өз 
қалпына келеді. Херувизм – фиброзды дисплазияның бір нысаны. 
Эозинофилді гранулема
(Таратынов ауруы) балалар мен жастардың
нысандары бар. Үдеріс ошақты болса, сүйектің әр жері бұзылып, тесікті 
ошақтар пайда болады, бірақ альвеолалық өскін зақымдалмайды. Диффузды 
нысаны дамыса, тістердің арасындағы альвеолалық өскін көлденең бағытта 
ыдырап кемиді. Зақымдалған жерге гистиоцит тәрізді біртекті ірі жасушалар 
шоғырланып, эозинофилдер өте көп жиналады. Эозинофилді гранулема –ағымы 
қатерсіз ауру; Х-гистиоцитоздар тобына жатады («
Қан жүйесінің ауруларын
» 
қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   810   811   812   813   814   815   816   817   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет