Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет812/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   808   809   810   811   812   813   814   815   ...   832
асқыну зардаптары
мен 
ақыры
әртүрлі. Науқастардың біразы айығып кетеді. Бірақ одонтогендік 
инфекцияның қайсы болса да, организмнің қарсыласу мүмкіндігін төмендетіп
иммунитет тапшылығына ұшыратып, 
сепсистік
ошаққа
айналып, 
одонтогендік
сепсис
дамытуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн («
Сепсисті
» қара). 
Одонтогендік инфекция 
флебит
пен 
тромбылы
флебитке
қолайлы жағдай 
туғызады; әсіресе 
синус
-
тромбоз
қауіпті. Кейде 
медиастенит
пен 
перикардит
те байқалады. Үдеріс жоғарғы жақсүйекте өрістегендердің біразында 
одонтогендік гайморит
дамиды. Созылмалы остеомиелит шарпыған жақсүйек 
кеселді
негізде
сынып
кетуі де мүмкін, кейде бұл остеомиелит
амилоидозға
ұшыратады. 
ЖАҚСҮЙЕКТЕРІНІҢ КИСТАЛАРЫ 
Киста
– жақсүйегінде дамитын аурулардың ең жиісі. Шынайы кистаның 
қабырғасы фиброзды тіннен құрылып, ішкі беті эпителиймен астарланады. 
Ішіне көбіне мөлдір кейде лайсаңдау сұйықтық жиналады. 
Жақсүйегінде дамитын кисталар әр текті; олардың одонтогендік және 
бейодонтогендік түрлері бар. 
Бейодонтогендік кистаның
құрылысы басқа 
жерлерде дамитын кисталардағыдай. Төменде 
одонтогендік кисталар
ғана 
сипатталады. Бұлардың ішінде практикалық маңызы зор түрлері: 
дизонтогенездік
топқа
жататын – примордиалдық (кератокиста) пен 
фолликулдық (құрамында тіс бар) және қабынулық, яғни радикулалық (түбір 
тұсындағы) киста. 
Премордиалдық киста (кератокиста)
астыңғы жақсүйектің бұрышында 
немесе үшінші молярдың тұсында, кейде жетілмеген тістің орнында 
қалыптасады.
Қабырғасы фиброздық тіннен құрылып, жұқа болады, ішкі беті көпқабатты 
жайпақ эпителиймен астарланып, айқын бейнелі гиперкератоз дамиды, ішіне 
холестеатоманың ішіндегідей зат жиналады. Кейде жалғыз қуыстан құрылып
енді бірде көпқуысты келеді, қабырғасының әр жерінен одонтогендік эпителий 
шоғырлары ұшырасады. Кейбір науқастарда кератокистаның 
бірнешеуі 
қалыпасып
, невустық базал жасушалы карцинома мен айыр қабырға сияқты 
басқа да кемістіктер бірге дамиды. Бұл кистаның біразы алып тастағаннан кейін 
қайталанады (рецидив). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   808   809   810   811   812   813   814   815   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет