Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет817/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   813   814   815   816   817   818   819   820   ...   832
клиника-морфологиялық нысаны
бар: кисталы және 
солидты (тығыз); бірінші нысаны жиі, ал екіншісі сиректеу кездеседі. Ісіктің 
тіні қаттылау, ақшыл болып, кейде қоңырлау ошақтар мен бірнеше кисталар 
байқалады. 
Гистологиялық
тұрғыдан

амелобластома 
фолликулдық, 
плексиформды (торлы), акантомалы, базал-жасушалы және гранула-жасушалы 
түрлерге жіктеледі. 
Фолликулды амелобластома
жұмыр немесе түрлі пішінді 
ұяшықтардан құрылып, жиегі цилиндр немесе текше тәрізді жасушалармен 
қоршалады; орталығындағы түрлі пішінді жасушалар мен жұлдызша және 
сопақтау жасушалар торлы құрылым түзеді. Дистрофиялық үдерістен 
ұяшықтардың біразы 
кистаға
айналады (359-сурет). Амелобластоманың бұл 
түрінің жалпы құрылымы кіреукелік органға ұқсайды. 
Плексиформды 
амелобластома
одонтогендік эпителийден құралып, сол эпителий таңғажайып 
тармақты тізбектер түзеді. Көбіне бұл ісіктің құрамынан бірнеше 
гистологиялық 
варианттың 
бейнесі 
байқалады. 
Акантомалы 
амелобластоманың
құрамындағы жасушалар эпидермистің жасушаларына 
айналып (метаплазия), кератин түзеді. 
Ісіктің базал-жасушалы нысаны
базал-
жасушалы карцинома тәрізді. Ал, 
гранула-жасушалы
амелобластомадағы
эпителийде ацидофилді түйіршіктер көп болады. Толық алып тасталмаған 
амелобластома қайта өседі (рецидив). 
359-сурет. Фолликулды амелобластома. 
Аденоматоидтық ісік
көбіне үстіңгі ит тістердің тұсында қалыптасады. 
Одонтогендік эпителий өсіп, өзекше тәрізді құрылымдар түзеді. Бұл 
құрылымдар дәнекер тінмен қоршалып, кейде гиалиноз дамиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
641


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   813   814   815   816   817   818   819   820   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет