Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет87/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
83
Жергілікті гемосидероз, даму жағдайына қарай, бір тіннің ауқымымен ғана 
шектелмей (гематома), мүшені толық қамтуы мүмкін. Бұған жүректің митрал 
қақпақшасының кемістігінде, кардиосклероз бен басқа да ауруларда байқалатын 
өкпе гемосидерозы (38-сурет) мысал бола алады. Өкпенің веналарына ұзақ 
уақыт қан іркіліп, көптеген диапедездік қанды ошақтар қалыптасады, сөйтіп 
өкпе альвеолаларының перделері мен альвеолаларда, лимфалық тамырлар мен 
түйіндерде ішіне гемосидерин толған жасушалар шоғырланады («
Веналық 
толыққандылықты
» қара). 
38-сурет. Өкпенің гемосидерозы
. Гистиоциттер мен альвеолалық эпителийдің (сидеробластылар мен 
сидерофагтар) цитоплазмасына пигмент түйіршіктері жиналған. 
Билирубин 

өттің ең маңызды пигменті. Оны түзетін үдеріс ретикулалық-
эндотелийлік жүйеде гемоглобин ыдырап, гемнің бөлінуінен басталады. Гем 
құрамындағы темірін жоғалтып, биливердинге айналады. Тотықсызданған биливердин 
мен оның белокты кешені билирубинді құрайды. Гепатоциттер пигментті қармап, 
гиалурон қышқылымен конъюгациялап (қосып), өт капиллярларына бөліп шығарады. 
Билирубиннің өтке араласып ішекке құйылған бір бөлігі қайта сіңіріліп, қақпалық вена 
арқылы бауырға қайтарылса, енді бір бөлігі стеркобилинге айналып, дәретпен, 
уробилинге айналып, зәрмен сыртқа шығарылады. Қалыпты жағдайда билирубиннің 
ерітіндісі өтте және шамалы мөлшері қан плазмасында болады. 
Билирубин 

қызғылт сары түсті кристалл, құрамында темір жоқ. Билирубинді 
анықтау үшін пигменттің оңай тотығып, түрлі түсті өнімдер түзетін қасиетіне 
негізделген реакциялар қолданылады. Олардың бірі – Гмелин реакциясы. Бұл реакцияда 
билирубин концентрациялы азот қышқылының әсерінен алдымен жасыл, кейін көк 
немесе алқызыл түске боялады.
Билирубиннің
түзілуі немесе бөлінуі дұрыс болмаса, оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет