Нуржігіт Алтынбеков
86
Протеингендік (тирозингендік) пигменттер алмасуының бұзылуы
Протеингендік (тирозингендік) пигменттер
тобына меланин, адренохром
және энтерохромаффиндік жасушалардың гранулаларындағы пигмент жатады.
Бұл пигменттердің қордалануы бірқатар ауруларға тән.
Меланин
(грекше:
melas
–
қара)
–
кең тараған пигмент; адамның шашына, терісіне,
көзіне рең береді. Ол күміс нитратының аммиактағы ерітіндісінен күмісті металлға
дейін тотықсыздандырады, яғни болымды аргентаффиндік реакция байқалтады.
Гистохимиялық жолмен меланинді басқа пигменттерден ажырату үшін осы реакция
қолданылады.
Меланинді меланин түзетін тіндегі
меланоциттер
тирозиназадан түзеді.
Меланоцит нейроэктодермадан өнеді; ізашары –
меланобласт
. Меланоциттің
меланосомасында
(39-сурет)
тирозиназаның
әсерінен
тирозиннен
диоксифенилаланин (ДОФА), немесе промеланин, түзіліп, ол мелининге
полимерленеді. Меланинді сіңіретін жасушалар
меланофагтар
деп аталады.
Меланоциттер мен меланофагтар эпидермисте, терінің өзіндік қабатында,
көздің нұрлы және торлы қабықшаларында, мидың жұмсақ қабықшасында
шоғырланады. Меланиннің терідегі, көздің нұрлы және торлы қабықшасындағы
мөлшері әр адамның және оның нәсілдік ерекшеліктеріне байланысты әрі адам
өмірінің түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырады.
Меланогенезді
жүйке жүйесі мен
ішкі секреция бездері реттейді. Меланиннің синтезін гипофиздің меланин
түздіретін гормоны, АКТГ, қалқанша бездің, жыныс бездерінің гормондары,
жүйкелік симпатикалық жүйенің медиаторлары жандандырса, мелатонин мен
жүйкелік парасимпатикалық жүйенің медиаторлары тежейді. Меланиннің
түзілуін ультракүлгін сәуле де жандандырады; күнге күюдің биологиялық
бейімделулік-қорғаныстық мәні осы.
Достарыңызбен бөлісу: