Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет85/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   832
Байланысты:
струков патан

37-сурет. Сидеробласт. 
Ядросы (Я) ірі. Цитоплазмасының жіңішке ғана кемерінде сидеросомалар (Сс) көп. 
Электронграмма. 20 000.
 
Гемосидеринді анықтау үшін, құрамында темір болғандықтан, темірге тән берлин 
көгілдір аспаны (Перлс реакциясы) және көгілдір турнбулдық (тін кесіндісіне аммоний 
сульфидінен кейін калий родониді және хлорлы сутегі қышқылымен әсер ету) деп 
аталатын 
реакциялар 
қолданылады. 
Гемосидериннің 
басқа 
пигменттерден 
(гемомеланин, липофусцин, меланин) негізгі айырмашылығы – темірді анықтайтын 
реакциялар болымды. 
Патологияда
гемосидерин тым көп түзіліп, 
гемосидероз
деп аталатын үдеріс 
дамиды. Гемосидероздің жалпы және жергілікті түрі бар. 
Жалпы, яғни жайылмалы гемосидероз
қан тамырындағы эритроциттер 
ыдырағанда (интроваскулалық гемолиз), қанжасам жүйесінің ауруларынан 
(қаназдық, гемобластоз), гемолиздік улардан, кейбір инфекциялық аурулардан 
(қайталамалы сүзек, бруцеллез, безгек сияқты), басқа топтағы қанды құйғанда, 
резус–сәйкессіздіктен, т. б. да себептердің әсерінен дамиды. Ыдыраған 
эритроциттер мен оның қалдықтары және гемоглобин эритроциттерді жасауға 
жұмсалады. Сидерофагтың қызметін талақтың, бауырдың, сүйек кемігінің, 
лимфалық түйіндердің ретикулалық, эндотелийлік, гистиоциттік элементтері 
мен бауырдың, бүйректің, өкпенің, тер мен сілекей бездерінің эпителийлік 
жасушалары атқарады. Сидерофагтар тым көп болса да, жасушааралық затта 
қордаланған гемосидеринді түгел сіңіріп үлгермейді. Нәтижесінде темір 


Нуржігіт Алтынбеков 
82
коллагендік және эластикалық талшықтарға сіңіп, талақ, бауыр, сүйек кемігі 
және лимфалық түйіндер тот басқан темір тәрізді, қоңыр реңді болады. 
Жалпы гемосидерозға ұқсайтын, өзіндік ерекшелігі бар ауру – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет