Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет88/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   832
алмасуы
бұзылады

Нәтижесінде 
қанның 
плазмасында 
билирубин 
көбейіп 
(
билирубинемия
), тері, көздің ақ қабықшасы, кілегейлі және сірі қабықшалар 
мен ішкі мүшелер сары түске боялып, 
сарғаю
үдерісі дамиды. 
Сарғаюдың
3 түрлі 
даму
механизмі
бар, соған сәйкес ол бауырүстілік 
(гемолиздік), бауырлық (паренхималық) және бауырастылық (механикалық) 
түрлерге бөлінеді. 
Бауырүстілік
 
(гемолиздік)
 
сарғаю
кезінде эритроциттер тым көп 
ыдырағандықтан, билирубиннің мөлшері артады. Бұл жағдайда бауыр 
пигментті қалыпты мөлшерден артық түзеді, бірақ гепатоциттер оны қармап 
үлгермейтіндіктен, қандағы билирубиннің деңгейі жоғары болып қала береді. 
Гемолиздік сарғаюдың дамуына инфекциялар (сепсис, безгек, қайталамалы 
сүзек) және улану (гемолиздік улар), изоиммундық (сәбилердің гемолиздік 
ауруы, тобы сәйкес емес қанды құю) және аутоиммундық (гемобластоздар, 
дәнекер тін жүйесінің аурулары) сәйкессіздік себеп болады. Ал тіндерге 
құйылған қан тым көп болса, немесе қанды инфаркт дамыса, ол жерлерде өт 
пигментінің кристалдары түзіледі, ыдыраған эритроциттерден түзілген өт 
пигментінің кристалдары болады және билирубин тым көп мөлшерде қанға 
сіңеді. Гематоманың түсі билирубин түзіле келе сарғаяды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
84
Гемолиздік сарғаю эритроциттер ақаулы болғанда да дамиды. Тұқымқуалайтын 
ферментпатиялардың (микросфероцитоз, овалоцитоз), гемоглобинпатиялар, немесе 
гемоглобиноздардың (талассемия, яғни гемоглобиноз Ғ, орақжасушалы қаназдық, яғни 
гемоглобиноз S), пароксизмалық түнгі гемоглобинурияның, шунттық деп аталатын 
сарғаюдың (В
12
-витамин тапшылығы, гипоплазиялық қаназдықтың кейбір түрлері, ж.б.) 
себебі тап осы. 
Бауырлық
(паренхималық) 
сарғаю
гепатоциттер зақымдалғанда дамиды. 
Өйткені гепатоциттердің билирубинді қармап, глюкурон қышқылымен 
конъюгациялап, бөліп шығару қабілеті бұзылады. Сарғаюдың бұл түрінің 
дамуына гепатит, бауыр циррозы, дәрі-дәрмектердің зардабы, немесе 
организмнің улануы (мысалы, жүкті кезде) және бауырдағы холестаз (өт 
тоқтайтын) себеп болады. Сарғаюдың осы түрінің ерекше тобына бауырда 
билирубин 
алмасуының 
бір 
фазасы 
зақымдалғандықтан 
дамитын 
ферментпатиялық
бауырлық
сарғаю
жатады. 
Бауырастылық
сарғаю
кезінде өт өз жолдары арқылы дұрыс жүрмей, 
экскрециясы (шығару) қиындап, кейде кері ағады (регургитация). Ол өт 
жолдарының ішінде немесе сыртында өтті бауырдан шығаруға кедергі 
туғызатын себептерден дамиды. Бұндай жағдай өт жолдарының тасты 
ауруында, қатерлі ісігінде, ұйқы безінің бас жақ бөлігінің немесе ұлтабардың 
қатерлі ісігінде, өт өзектері тума бітеу болғанда (атрезия) немесе дұрыс 
жетілмегенде (гипоплазия), қақпалық лимфа түйіндері мен бауырда қатерлі ісік 
метастаздары пайда болғанда байқалады. Өт іркілген жерде өлі ошақтар 
қалыптасып, орнын дәнекер тін жайлап, 
салдарлық
билиарлы
цирроз
дамиды. 
Іркілген өт өзекшелерді кернеп, өт капиллярлары жыртылады. Қанда өт 
қышқылы көбейіп (
холемия)
, тері ғана сарғайып қоймай, оның жалпы уытты 
әсерінен организм уланады (
холалемия).
Уытты әсерден қанның ұю қасиеті 
құлдырап, қанды ошақтар пайда болады (
геморрагиялық
синдром
). Организмнің 
аутоулануынан бүйрек зақымдалып, 
бауыр-бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет