Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет89/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   832
Байланысты:
струков патан

Гематоидин
– темірсіз пигмент. Бұл пигмент 

қанық қызғылт түсті ромб немесе ине 
пішінді кристалдар, кейде түйіршіктер. Ол эритроциттер мен гемоглобин жасушада 
ыдыраған кезде түзіледі, бірақ жасуша жойылса, гемосидерин тәрізді ішінде қалып 
қоймай, босап өлі тінде жатады. Оның химиялық құрамы билирубинмен тектес. 
Гематоидинді ескі гематомадан, дәнекер тін жайлаған инфаркт ошағынан 
көруге болады. Әдетте, тірі тіннен шалғайда, қан құйылған жерлердің орталық 
аймағынан табылады. 
Гематин
– тотыққан гем; оксигемоглобин гидролизденгенде түзіледі. Гематин – 
сутегі асқын тотығының әсерінен түсін жоймайтын, сілтілерде еріп, қышқылдарда 
нашар еритін, құрамына темір қосындысы кіретін, поляризацияланған сәулені қос 
бағытқа бұратын (анизотропты) қасиеті бар, қанық қоңыр түсті ромб пішінді кристалл 
немесе түйіршік. 
Тіннен гематиннің мына түрлері табылады: гемомеланин (безгек пигменті), 
тұз қышқылды гематин (гемин) және формалиндік пигмент. Бәрінің 
гистологиялық сипаты ұсас. 


Нуржігіт Алтынбеков 
85
Гемомеланин
(
безгектік
пигмент)
ішіне кірген безгек плазмодийі әсер еткен 
эритроцит гемоглобинінің простетикалық бөлігінен түзіледі. Ыдыраған 
эритроциттерден қанға шыққан безгек пигментін талақтың, бауырдың, сүйек 
кемігі мен лимфалық түйіндердің, мидың (безгектік кома) макрофагтары 
сіңіреді, сондықтан безгекпен ауырғанда 
гемомеланоз 
дамып, аталған мүшелер 
қоңырлау сұр түске боялады. Бұл мүшелерден безгек пигментімен қоса, 
гемосидеринді де көруге болады. 
Тұз
қышқылды
гематин
(
гемин
) асқазан сөлінің ферменттері мен хлорлы 
сутек қышқылы гемоглобинге әсер еткенде түзіледі. Ол асқазан эрозиясы мен 
ойық жарасында пайда болады. Асқазанның ақаулы жерлері қанық қоңыр түске 
боялады. 
Формалиндік
пигмент
– қара-қоңыр түсті ине немесе түйіршік. Формалинмен 
бекітілген тіндерде болады (формалиннің 
Р
Н-ны 6,0-дан асса, бұл пигмент 
түзілмейді). Оны гематиннің өнімі деп есептейді. 
Порфириндер
– гемоглобиннің простетикалық бөлігінің ізашары; оның құрамында 
да, гемдегідей, тетрапиррол сақинасы бар; бірақ темірсіз. Химиялық сипаты 
тұрғысынан, порфирин билирубинмен ұқсас, яғни хлороформда, эфирде, пиридинде 
ериді. Порфириндерді анықтау тәсілінің негізі – ерітінділерінің ультракүлгін сәуледе 
қызыл немесе қызғылт сары түсті флюоресценциясы (флюоресценциялы пигменттер). 
Қалыпты жағдайда порфириндердің шамалы мөлшері қанда, зәрде, тіндерде болады. 
Олар организмнің, әсіресе терінің күн сәулесіне сезімталдығын арттырады; сондықтан 
олар – меланиннің антагонисі. 
Порфириндер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет