Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет225/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   832
Байланысты:
струков патан

Ісіктің морфогенезі 
Ісіктердің
 
морфогенезін
ісікалдылық, ісіктің қалыптасу және ісіктің өсу 
кезеңдеріне жіктеуге болады. 
Ісіктер өзінің даму барысында, көбіне 
ісікалдылық өзгерістер
кезеңінен өтеді. 
Дегенмен, қатерлі ісік ісікалдалық кезеңінен өтпей-ақ, күрт (
de novo
) қалыптаса 
да алады. 
Ісікалдылық өзгерістерді анықтаудың теориялық қана емес, практикалық 
маңызы да өте зор. Оларды анықтау арқылы ісіктің туындау қаупі жоғары, 
«қатері мол» мүшелер тобын айқындап, ісіктердің алдын алып, диагнозын дер 
кезінде қоюға мүмкіндік туады. 
Морфологтар ісікалдылық 
желеу (фон) үдерістер
тобына дистрофия мен 
атрофияны, гиперплазия, матаплазия мен дисплазияны және склерозды 


Нуржігіт Алтынбеков 
197
жатқызады. Ал гиперплазия, дисплазия мен метаплазиялы ошақтар 
нағыз 
ісікалдылық үдерістер
деп есептеледі. Соңғы кезде, әсіресе 
дисплазияға
ерекше 
мән беріліп жүр. 
Карциномаалдылық үдерістер облигаттық және факультативтік топқа бөледі. 
Облигаттық топ
, яғни үнемі карциномаға ұласатын карциномаалдылық 
үдерістер тұқымқуалауға бейім. Мысалы, тоқ ішіктің тума палипозы, 
пигменттік ксеродерма, нейрофиброматоз (Реклингхаузен ауруы), көздің торлы 
қабықшасының нейробластомасы, т.б. 
Факультативтік карциномаалдылық
топқа гиперплазиялы–дисплазиялы үдерістер мен дисэмбриоплазиялар 
жатқызылады. Сонымен қоса, карциноманың 
жасырын (латенттік) кезеңі

яғни карциномаалдылық үдерістен карцинома дамығанға дейінгі кезеңі бар. Ол 
кезеңнің мерзімі организмнің әр жерінде дамитын ісіктер үшін әртүрлі; кейде 
30–40 жылға созылады. «Карциноманың латенттік кезеңі» деген ұғым 
облигаттық карциномаалдылық үдерістерге қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет