Нуржігіт Алтынбеков
233
пайда болады. Анемияның кейбір түрлерінде ядролы (эритробласт, нормобласт,
мегалобласт) және жетілмеген (полихроматофилді) эритроциттер болады.
Анемияның нақты түрін анықтау үшін төссүйегінің пунктатын зерттеп,
эритропоэздің
жайы
(гипер-
немесе
гипорегенерация)
мен
типін
(эритробластты, нормобластты, мегалобластты
айқындау қажет.
Этиологиясы
мен
патогенезі
. Анемия,
әдетте қан кеткендіктен, сүйек
кемігіндегі эритропоэздің жеткіліксіздігінен және қан тым көп ыдырағандықтан
дамиды.
Қан кеткенде эритроциттер тез азайып, сүйек кемігі оларды қажетті мөлшерде
түзіп үлгермейді. Мұндай жағдай қан ыдырағанда, яғни гемолиз кезінде де
орын алады. Гемолиз экзогендік және эндогендік әсерден дамиды. Сүйек
кемігінде эритропоэз қанжасам үдересінің қалыпты жүруіне қажетті темір, В
12
-
витамин, фолий қышқылы сияқты заттардың тапшлығынан (дефициттік анемия)
немесе оларды сүйек кемігі дұрыс сіңіре алмағандықтан (ахрестиялық анемия
кемиді.
Классификациясы
.
Этиологиясын, әсіресе патогенезін ескере отырып,
(Алексеев
Г.А.,1970)
анемияларды:
1)
қан
кеткендіктен
дамитын
(постгеморрагиялық) анемиялар, 2) қан жасалуы бүлінгендіктен дамитын
анемиялар және 3) қан тым көп ыдырағандықтан дамитын (гемолиздік)
анемиялар деп үш негізгі топқа жіктеген. Әр топқа анемияның бірнеше түрі
кіреді. Ағымына қарай, анемиялар жедел және созылмалы деп жіктеледі. Сүйек
кемігінің морфологиялық және функциялық бейнесі оның регенерациялық
мүмкіндігіне сәйкес болады,
сондықтан анемиялар
регенерациялық
,
гипорегенерациялық
,
гипоплазиялық
,
аплазиялық
,
дисплазиялық
деп
те
жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: